15:40, 28 марта 2019 г.
Надежный источник
Ми-8 тікұшағының апатында екі ақтөбелік қаза тапты
Фото интернеттен алынды
Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы қайғылы оқиға кезінде екі ақтөбелік тұрғын қаза тапты: майор Данияр Қоңырбай және ефрейтор Өмірхан Қауқаев, деп хабарлайды City04.kz.
Даниярдың ата-анасы Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында тұрады. Үш бала әкесіз қалды, олардың ең кішісі 3 айлық.
Өмірхан Қауқаевтың туыстары Мәртөк ауданының, Мәртөк ауылында тұрады. Ақтау қаласының 30153 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен 28 жастағы жігіттің бір ұлы бар.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасына сәйкес, қаза болғандардың туған-туыстарына олардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жан жақты көмек көрсетіледі.
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 27 наурызда Қазақстанның әуе күштеріне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады.
«Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің кешенді оқу және жаттығуы аясында 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге қараңғыда және күрделі метеорологиялық жағдайларда Ақтаудан Шымкентке қарай ұшып шыққан болатын.
Әскери міндетін орындау кезінде 13 адам қаза тапты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:00
4 декабря
09:00
4 декабря
18:00
2 декабря
15:15
2 декабря
15:07
2 декабря
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии