19:06, 29 марта 2019 г.
Надежный источник
Аудандардың дамуы басты назарда
Облыс әкімі Оңдасын ОразалинЫрғыз, Шалқар аудандарыныңдамуыментанысты, деп хабарлайды City04.kz.
Іс сапар Ырғыз ауылында басталды. Бұл ретте ол жаңадан салынып жатқан аудан әкімдігінің құрылысы, 150 орынға арналған балабақша және құны 350 млн-ға жуық соңғы үлгіде салынып жатқан спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Аталған үш нысан биыл пайдалануға беріледі.
Әрі қарай облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесуге қатысты. Жиын басында аудан әкімі Мәди Елеусізов ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Сұрақ-жауап барысында ақсақалдардыңбірі аудандабалалар тіс дәрігері, ультрадыбыстық диагностика дәрігеріжетіспейтіндігіне шағымданды. Аймақ басшысыауданәкімінемәселені денсаулық сақтаубасқармасыменбірігетездетіп шешудітапсырды.
Одан өзге, ырғыздықтар өткен жылы көктемгі су тасқыны кезінде бүлінген «Кыл» бөгетін қалыпқа келтіруді сұрады.
Жұмыс сапары Шалқар ауданында жалғасты. Облыс әкімі «Шарқар су» минералды су өндіру зауытында болды.. Зауыт жергілікті кәсіпкер Бердібек Шәкірбекұлының қолға алуымен 1991 жылы іске қосылған. Жаңа кәсіпорынның жалпы инвестициялық сомасы 780 млн теңгені құрайды. Жаңартылған зауытта Еуропадан жеткізілген соңғы технологиялармен қамтылған. 40 адам жұмыс жасайды. Емдік судан өзге, мұнда басқа да сусын түрлері шығарылады. Заманауи құрылғының арқасында айына 1,5 миллион литр минералды сусындар өндіріледі.
Одан өзге, облыс әкімі Шалқар қаласында бос қалған 5 қабатты 3 ғимараттың қайта құру жоспарымен танысты. Бұл ғимараттар «Халықтық кеңсе» сондай ақ, баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі деп жоспарланған.
Аудандық мәдениет үйінде өткен тұрғындармен кездесу барысында Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев ауданның экономикалық жағдайы мен жақында жүзеге асатын, және болашақтағы жоспарын баяндады.
Тұрғындар адам аярлық халге ұшыраған Шалқар көлі мен облыс орталығы мен Шалқарды жалғап тұрған жол мәселесін көтерді. Сондай ақ, ауруханадағы медициналық аппараттардың жаңарту қажеттігі мен аудан орталығының сыртқы келбетіне көңілдері толмайтынын жеткізді.
Қойылған сұрақтарға жауап берген Оңдасын Оразалин жолды жөндеу жоспарда бар және ол жұмыс кестесімен шешіледі деді. Сонымен қатар, Шалқар көлі де назарадан тыс қалмайды. Сондай ақ, су қоймасын тазарту үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатқанын айтты.Облысбасшысыаудан әкімі Бауыржан Қаниевкеішкі кірістікөбейтуді,инвестицияны арттыруды, кәсіпкерліктегі әкімшіліккедергілердіазайтудытапсырды.
Сонымен бірге, аудан әкімі шағын кәсіп бойынша көрсеткіштері төмен екенін айтып өтті. Өткен жылдың қортындысы бойынша, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мелекеттік көмектерді пайдаланбаған. Туындаған жағдайды қысқа уақытта қалыпқа келтіру тапсырылды.
Тұрғындармен кездесу қайырымдылық акциясымен қортындыланды. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 150 мыңнан 8 адамға сертификат табыстады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасына тұрғын үйлерін ағымдағы жөндеуден өткізуге құрылыс материалдарына 200 мың теңгенің сертификатын табыстады. Екі азаматтың пәтерлі болуы үшін 2 млн теңгенің сертификатын берді. Оразалин жерлестеріне демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғыс білдірді.
Содан кейін, азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. Шалқарлықтар аудан басшысынан жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандардың құрылысы т.б. Мәселенің барлығы бақылауда болып, бірде бірі жауапсыз қалмайтынына аудан әкімі уәде берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:00
4 декабря
09:00
4 декабря
18:00
2 декабря
15:15
2 декабря
15:07
2 декабря
Объявления
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии