Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша call-орталық іске қосты
Фото из интернета
Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша call-орталығын іске қосты.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желі» ашылды.
Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауаптарды алуға болады.
Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады.
Ақтөбе облысы бойынша байланыс телефоны: 8 (7132) 54-34-97.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
9 декабря
15:00
9 декабря
13:01
9 декабря
Объявления
live comments feed...
Комментарии