• Главная
  • Тікұшақ апатынан қайтыс болған жерлестерді жүздеген ақтөбелік шығарып салды
16:02, 30 марта 2019 г.
Надежный источник

Тікұшақ апатынан қайтыс болған жерлестерді жүздеген ақтөбелік шығарып салды

Тікұшақ апатынан қайтыс болған жерлестерді жүздеген ақтөбелік  шығарып салды

Ақтөбеліктер Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы әскери тікұшақ апатынан қаза тапқан майор Данияр Қоңырбай және ефрейтор Өмірхан Қауқаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе қаласындағы әскери әуежайда өткен қаралы митингке облыс әкімі Оңдасын Оразалин де қатысты, жерлестеріміздің рухына арнап сөз сөйлеп, еске алды.

«Қадірлі ақтөбеліктер! Күні кеше ғана Қызылорда облысының аумағында әскери тікұшақтың апатқа ұшырап, 13 жауынгердің қаза табуы баршамызға ауыр тиді. Сол сарбаздарымыздың қатарында жерлестеріміз Данияр мен Өмірхан да болды. Қазақта «жазмыштан озмыш жоқ» деген сөз бар. Өздерінің әскери борыштарын адал орындап, бейбіт күнде еліміздің тыныштығын қорғаған жерлестеріміздің есімдері жадымызда мәңгі қалмақ. Облыс басшылығы атынан марқұм болған азаматтарымыздың отбасына ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, материалдық-моральдық тұрғыдан жан жақты қолдау көрсетеміз», - деді аймақ басшысы.

Атап өтетін жайт, қаза тапқан жерлестеріміздің отбасыларының әрқайсысына 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ жерлеу рәсіміне облыс басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Мавр Абдуллин Мұғалжар ауданына барып, Данияр Қоңырбайдың, облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов Мәртөк ауданына барып Өмірхан Қауқаевтың жерлеу рәсімдеріне қатысады.

Аудан әкімшіліктері қаза тапқан жерлестеріміздің жерлеу рәсімдеріне кететін барлық шығындарды көтереді.     

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...