• Главная
  • Облыс әкімі Темір және Байғанин аудандарының жай-күйімен танысты
15:00, 1 апреля 2019 г.
Надежный источник

Облыс әкімі Темір және Байғанин аудандарының жай-күйімен танысты

Облыс әкімі Темір және Байғанин аудандарының жай-күйімен танысты

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Темір және Байғанин аудандарында жұмыс сапарыменбарды, деп хабарлайды City04.kz.

Аймақ басшысы алдымен Кеңесту ауылдық округі Қопа ауылының маңындағы республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолында жүріпжатқанжөндеужұмыстарыментанысты. Автожолдың 100-160 шақырымы Ресей елінің Астрахан қаласына қарайды. «Ақтөбе-Атырау»тас жолыныңжалпыұзындығы 158 км құрайды.Жөндеужұмыстары2018 жылыбасталған, 2021 жылы аяқталады.

Іссапар барысында Оңдасын Оразалин еңбастысы жолдыңсапасы менқауіпсіздігіненазар аударды.Жауаптымамандароблысәкімінеқұрылысбарысын түсіндірді. 4 жолақты үлкен жол 1-ші категориялы сапада жүргізіледі. Арнайы көлік жылдамдығынбақылайтынбағдаршамдарқойылады. Сонымен қатар,жолдың жұмыстарыүшін 100-гежуық жергіліктіазамат жұмысқатартылған. Олардың жалақысы 120-160 мың теңгені құрайды. Алайда, бұлжалақы республикалық орта есеппен шаққанда аз. Облыс әкімі мердігерлерге жұмысшылардың жалақыкөлемін арттыруды тапсырды.

«Халықтыңбастымәселесіде, ұсынысыда осы жолға қатысты. Мен автокөлікпенжүргенде сапасын өзім де байқаймын», - дедіОңдасын Оразалинмердігерлерге жұмысты барыншасапалы жасауды тапсырып.

Облысәкімі сондай ақ, Темір ауданындағы отбасы үлгісіндегібалаларүйінебарды. Оңдасын Оразалин ондағы балалармен тілдесіп, қал-жағдайларынбіліп, болашақта жақсы азамат болып қалыптасуларын тіледі. Оларғаробототехника жинағын табыстады. Өз кезегінде тәрбиеленуші балалар облыс басшысына алғыстарын жеткізді.

Содан соң, аймақ басшысы аудандық прокуратура ғимаратында орналасқан діни сұрақтар бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастықжөніндегі орталыққа барды. 2016 жылы құрылған орталық діни ағымдар жолында жүрген азаматтармен кездесулер ұйымдастырып, құқықтық көмеккөрсетумен, заңдық шараларды түсіндірумен айналысады. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу барысында облысбасшысы малұрлығы мәселесіне қатысты қатаң ескерту берді.

«Маған тұрғындардан күн сайын келіп түсетін сұрақтар ішінде малұрлығы жайлы шағымдар өте көп. Солардың ішінде ұрыларменполицейлер бірлесе жұмыс жасайды деген ақпарат та бар. Егер сондай сыбайластық жағдайы дәлелденсе, менен жақсылық күтпеңдер», - деді аймақ басшысы.

Сонымен бірге, облыс әкімі құқық қорғаушылардың еңбегін жоққашығармайтынын және қылмыс санынтөмендету керектігін тапсырды.

Оңдасын Оразалин сапар барысында Темір ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетов ауданның әлеуметтік жағдайынбаяндады. Соңғы кездері ауданның ауыз толтырып айтарлық жақсы жетістіктері бар. Темірліктердің орташа жалақысы 122 мыңтеңгені құрайды.

Дегенмен облыс әкімі республикалық орташа көрсеткішпен салыстырғанда орташа айлықтың әлі де төмен екенін, табыстарына қарай көтеру қажеттігінайтты. Соңғы 3 жыл ішінде индустриялық-инновациялық жобалардың аясында бірде бір жоба жүзеге аспағанын, бизнестің жол картасы бойынша да кәсіпкерлерге қолдау аздығын атап өтті.

Халықпен кездесуде облыс әкімі мемлекет тарапынан көрсетілгенкөмектерді пайдалана отырып, кәсіп ашуды, еңбектену керектігін айтты.

«Елбасымыз өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеруді, табыс көзін арттыруды тапсырған. Әрбір азамат өз бетімен талаптанса, табысы артып, әл-ауқаты жақсарады. Ол үшінбарлық мүмкіншілік бар. Бұл күрделі жұмысболғанмен, кешенді түрде жалақы көлемін арттыру қажет», - деп тапсырды аудан әкіміне.

Жиын барысында ауыл халқы түрлі тақырыптағы сұрақтарын қойды.Темірде жол, ауызсу, газ мәселесінен бөлек, әлеуметтік қызметтердің жетіспеушілігі байқалады. Кеңқияқтық тұрғынның бірі ауылындағы мектептің тарлығына шағымданды. Себебі, жан-жақтан көшіп келушілердіңкөптігіне байланысты 2016 жылы берілген мектеп қазір оқушыларға тарлық етеді.

Облыс әкімі аудан басшысына бұл мәселебойынша ұсынысдайындауды тапсырып, көтерілген мәселеніңешқайсысышешусіз қалмайтынынжеткізді.

«Сәуір айындаөтетін облыстық мәслихат сессиясында аталған мәселелертүгел қаралатын болады. Бәрі де бір күнде шешіле қоймайтын жұмыс болғандықтан уақыт керек», - деді Оңдасын Оразалин.

Жиын соңы аудан әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігіменұйымдастырылған қайырымдылықшараменжалғасты. Аудандық50 кәсіпкер көп балалы, жағдайы төмен 50 отбасына түрлі сомадағы қаржылайсертификаттар табысетті. Бұлқаржылардыәлеуметтіктоптағыотбасыларөзкәсібін ашуға және мал, құс шаруашылығын дамытуғажұмсайтын болады.

Сапар барысында Оңдасын Оразалин халықпен жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың түрлі сауалдарына жауап берді. Облыс әкімі қабылдауға кірген тұрғындарға көмек берілетінін және шағын бизнес ашуға арналған түрлібағдарламалар бар екенін айтып жөн сілтеді.

Түстен кейін облыс әкімі Байғанин ауданына барды. Бұнда О.Оразалин ұзындығы 224 км құрайтын «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.. Тас жолдыңқұрылысынаБайғаниннен 50 азамат жұмысқа тартылған. Алдағы жаз айында жұмысқа тартылатын азаматтардың санын 100-ден асыру жоспарланған. Жол құрылысынаАқтөбеніңтехникасыжұмсалып отыр. Мердігер компания басшысы облыс әкімінеешқандай мәселенің жоқтығын айтып, биылғы жылы барлық жұмыстыаяқтауға уәде берді.

Аймақ басшысыЕлбасыныңүш ауысымдымектептермәселесіншешутапсырмасын орындау мақсатында №4 Қарауылкелді орта мектеп-гимназиясыныңқұрылысымен танысты.300 орындықмектептің 100 орыныинтернат болмақ. Соныменқатар,облыс әкімі Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебіне барды. Бұл жерде 233 бала білім алып, домбыра, пианино, қобыз тартуды және би өнерін үйренеді.

Содан кейін ауылдағы жастар ресурстық орталығыныңжұмысын көріп, ондағы шағын кәсіпті қолға алған жастардың жұмысымен танысты. Орталықта үстел, орындықтар жасайтын шағын жиһаз цехы жұмыс жасайды. Дыбыс жазу студиясы, кілем жуу қызметі деқолға алынған.Кәсібін ашқанмаманауыл тұрғындарынан түскентапсырыстарды қабылдайды. Сонымен қатар, массаж жасаубөлмесі қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі азамат аяқ киім тігумен айналысады. Ол осы кәсібі үшін байқауда 1 млн теңге ұтып алған.

Облыс әкімі жастарресурстық орталығындағысүтөнімдерінсатумен айналысатынжас кәсіпкердіңжұмысын көріп, бастамаларына қолдау білдірді.

Осыдан кейін облыс басшысы Оңалту орталығына барып, жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл жерде 8 маман маман аптасына 2 рет әр баламен жеке бағдарлама бойынша әлеуметтік педагог, логопед, психолог, дефектологтар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта бұл жерде 40 баланы монтессори әдісімен жеке бас гигиенасынан бастап өмірге бейімдеп, түрлі тәсілдермен оқытады.

Облыс әкімі аудандағы бірегей Шығармашылық орталығына барып, жұмысымен танысты. Мұнда би, сурет, қолөнер, робототехника, жас ақындар, радиотехника, телескоп үйірмелері жұмыс жасайды. Облыс әкімі болашақта барлық аудандарды осы жерден тәжірибе алмасуға шақырды.

Содан кейін облыс басшысы «Қазақтүрікмұнай», «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша тұрғызып берген «Толағай» жастар және балалар спорт-ойын воркаут алаңына барды. Алаңда қыс мезгілінде балалар хоккей, жазда футбол ойнап, түрлі спорттық жарыстарда бақ сынасады.

Тұрғындармен өткен кездесу жиынында аудан әкімі Асқар Шериязданов аймақ басшысына ауданда ауыл шаруашылығының дамып келе жатқанын баяндады. Қазіргі уақытта 37 мың ірі қара, 117 мың қой болса, маусым айында оның басын 14 мыңға жеткізу күтілуде. Баяндамадан соң облыс әкімі Байғанин ауданының тұрғындарымен кездесіп, түрлі мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде жергілікті ақсақалдардың бірі ауылдағы интернет мәселесінің нашар екенінешағымданды. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Сондай ақ, жол, тұрғын үй кезегіне қатыстысұрақтарғада аудан басшысы жауап берді.

Қазіргі таңда ауданда 167 көп балалы отбасыәлеуметтік көмеккемұқтаж болып отыр. Сәуір айынан бастап олардың жәрдемақыларынақосымша ақшақосылады.

«Мемлекеттенқажеттікөмектеркөрсетіле береді. Дегенмен, ай сайынтөленетінақшаға қарап отырмай әрбір азамат өзі еңбек етуікерек. Біздіешкімсырттан келіп жағдайымызды жақсартпайтынынұмытпауымызқажет» - депОңдасын Оразалин аудан тұрғындарын тынбай жұмыс жасап, алға ұмтылуғашақырды.

Облысәкіміжиыннансоңхалықпен жеке кездесуөткізді. Ауылхалқы әр түрлі әлеуметтік мәселелерін айтып, кәсіп ашуға несие алу, малшаруашылығын кеңейту үшін қаражат алу, жұмыссыздық мәселесін азайту жағдайын сұрады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин түрлі мәселеменкелгендердіңбарлығына жауап берді.

Облыс басшысы жиынды қорытындылай келе, бұл аймақтың өндірістік аудан болғанымен орташа жалақының төмендігі, интернет мәселесінің дұрыс шешілмегенін тілге тиек етті. Облыс көлеміндегі әлеуметтік көмек алатын 25 мың адамның 2200-і осы ауданға тиесілі екенін ескертіп, аудан әкімшілігіне әлі де бірқатар жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...