Облыс көлемінде 68511 ағаш және бұта көшеттері отырғызылады

Облыс көлемінде 68511 ағаш және бұта көшеттері отырғызылады, Алдрапекова Альбина

ОБЛЫС ӘКІМІ КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Ақтөбе облысыныңәкіміОңдасынОразалинжауапты мемлекеттік мекемелердің және қала, аудан басшыларымен селекторлық режимде көктем мезгілінде жүргізілетін көгалдандыру, абаттандыру, тазалықжұмыстарыныңжүргізілубарысыжайлы жиынөткізді.

Жиын барысында Табиғи ресуртар және табиғаттыпайдалануреттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл баяндама жасап,жыл сайынтал-теректер отырғызылғанмен оны күтіп-баптау ұмытылып кететінінатап өтті. Сондықтан аудан әкімдеріне көшеттерді арнайыкүтіп-баптауүшінқаражат бөлу керектігіұсынылды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде жүретін көгалдандыру, тазалық жұмысы биыл да өз жалғасын табады. Өткен жылдың күзінде Ақтөбе аймағында 56 мыңнан астам түп көшет отырғызылса, ағымдағы жылы облыс аумағына ағаш және бұта көшеттері түрлерінің 68511 түбін отырғызылу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алқалы жиында көктемгі тазалық жұмыстары кезінде ретсізқалдықтардан арылужұмыстарын күшейту мәселесі де қаралды. Ақтөбедегі Астана және Алматыаудандарында ретсіз қалдықтар жиналған 375 орын бар. Аудандарда да осындай кемшіліктер кездеседі.

Облыс әкіміОңдасын Оразалинқала және аудан әкімдерінетұрғындар арасында күл-қоқысты шашпау жайлы түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуді, қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, заң аясында айыппұл салу арқылы да тыю жолдардынқарауды ұсынды. Сондай-ақ, облысәкімі санитарлық тазалыққа қатысты әлеуметтік желілерде пайда болған видеоларды жүктеген тұрғындарға алғысын білдірді. Себебі, мұндай видеолар мәселенің тез шешілуінекөмектеседі.

Аймақ басшысыхалықтыынталандырумақсатындағы«Үздік аула», «Үздіккөше»акцияларын ұйымдастырудытапсырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии