«МНСК Синопэк Қазақстан» ЖШС жұмысшыларының жалақысы 15-20% артады

«МНСК Синопэк Қазақстан» ЖШС жұмысшыларының  жалақысы  15-20% артады, Алдрапекова Альбина

«МНСК Синопэк Қазақстан» ЖШС-гі  жұмысшыларының  жалақысы  15-20% артады. Мұндай келісім компания басшылығы мен  жұмысшыларымен өткен әңгімелесуде   мәлім болған, деп хабарлайды City04.kz.

Естеріңізге салайық,  сәуірдің 1-күні «МНСК Синопэк Қазақстан» жұмысшылары жұмысқа  шығудан бас тартып, кәсіпорын кеңсесінің алдына жиналған еді. Олар  жалақының көтерілуін талап етті.

Облыс әкімі  Оңдасын Оразалиннің  тапсырмасына  сәйкес,  жағдайды бақылау үшін  облыс әкімінің  орынбасары Қайрат Бекенов  жұмысшылармен кездесіп,  көтерілген мәселе заң талаптарына  сай, комиссия  келісімі арқылы шешілетінін  түсіндірді. 

Комиссия  құрамына  компания  басшылығының  өкілдері, кәсіподақ ұйымы және жұмысшылар кіргізілді. «Аталған жиын қорытындысы  бойынша, бірауыздан жалақыны 15-20%-ке көтеру туралы шешім қабылданды»,  - деді облыс  әкімінің  орынбасары  Қайрат Бекенов.

Кәсіпорын жұмыстарын қайта жалғастырды.

«МНСК Синопэк Қазақстан» ЖШС жұмысшыларының жалақысы 15-20% артады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии