09:24, 3 апреля 2019 г.
Надежный источник
Мұздағы қауіпсіздік ережелері тексерілді
Көктемгі су тасқыны алдында мұздың қалың болса да, арасы қуыс, қауіпті екенін тағы да ескерген жөн. Ал оған шығудың өзі өте қауіпті екені бәріне белгілі. Алайда қарапайым сақтық ережелерін барлығы бірдей сақтамайды, деп хабарлайды City04.kz.
Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Алматы ауданының әкімдігімен бірлесіп, Елек өзенінде рейд жүргізді. Шара барысында балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Төтенше жағдайлар басқармасы қайғылы жағдайларды болдырмас үшін мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау және оқыс жағдайға тап болған сәтте төмендегі өзін - өзі ұстау қағидаларын білу қажеттілігін ескертеді.
Мұздағы сақтық шаралары:
Мұздың қалыңдығыкемінде 7 см. 1 адам үшін немесе кемінде 15 см. бір топ адамдар үшін болса ғана берік болып есептеледі. Қатты мұз көкшіл немесе жасыл түсті болады.
- Тыйым салынған жерлерде мұз үстімен су айдынынан өтпеңіз.
- Мұз үстіне мотоциклмен, автокөлікпен шықпаңыз.
- Қыс мезгілінің басында және көктемнің басында жұқа мұзға шықпаңыз.
- Қараңғы уақытта және нашар көрінетін кезде (тұман, қар жауу,
жаңбыр) мұзға шығуға болмайды.
- Балық аулау кезінде көптеген шұңқырларды қатар қазбау керек, бұл өте қауіпті.
- Балық аулаған шұңқырларды қоршап немесе белгі қойып кетіңіз, өйткені ол жерлер қармен көміліп, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.
- Мұз үстінде бір жерде топталып жиналмаңыз – бұл қауіпті!
- Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі – алкогольдік масаңдық. Мұндай жағдайдағы адамдардың бойында қорқыныш сезімі жоғалады, төтенше жағдай кезінде дәрменсіз күйде болады.
"Құрметті, ата-аналар, балаларыңызды қараусыз мұзға жібермеңіздер. Балаларыңызға мұз үстімен өзеннің келесі бетіне шығуға, су айдындарының жағасында ойнауға және сырғанауғаболмайтындығын түсіндіріңіз. Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - деп атап өтті Ақтөбе қаласының ТЖБ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:48
11 ноября
14:00
8 ноября
Объявления
08:21, 31 октября
08:21, 31 октября
7
live comments feed...
Комментарии