Ақтөбеліктер қан қорын толтырды

Ақтөбеліктер қан қорын толтырды, Алдрапекова Альбина

Ақтөбеде  жастар донорлық қан тапсырды, деп хабарлайды City04.kz.

Қан өткізуге, қайырымдылыққа ерікті түрде атсалысатын жастардың биылғы жылғы шарасы «Өзгеге өмір сыйла» атауымен өткізілді. Шараға қала әкімі Ильяс Испанов та қатысты.

"Акцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Салауатты Қазақстан» бағдарламасын қолдау. Жастар арасында кеңінен насихаттау. Қан тапсырған адамның біріншіден, қан жасушалары жаңарады, екіншіден, ағзасы тазарады. Ал, ең бастысы, әрі маңыздысы сіздің қанға мұқтаж жанның өмірін аман сақтап қалуға үлес қосу", - дейді ұйымдастырушылар.

Ақтөбеліктер қан қорын толтырды, фото-1

Қан беру - организмдегі қан көлемінің жаңаруына бастама болады. Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы, сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз.

Ақтөбеліктер қан тапсырды донор өзгеге өмір сыйла
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии