Біз білмейтін салт-дәстүр

Фото интернеттен алынды

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса, кейбірі баяғыда-ақ ұмыт болған. Әсіресе, жастар біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз өте көп. Осыған орай, бірнеше дәстүрді назарларыңызға ұсынамыз, оқып, біле жүріңіз!

Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Шарана шайқау. Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбшелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кадесінде «шарана шайқау» деп атайды.

Құрсақ той. Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса, баланың толыққанды болып жетілуі екіталай. Егер жерігі қанбай жүрсе, кейін баланың аузынан сілекейі аға беретін болады деген ырым да бар. Сондықтан тойға келген әйелдер келінге арнап әр түрлі тағам әкеліп, дәм тигізеді. Жерік кезде жеген аста да көп мән бар. Тіпті баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы, анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек көмірге жерік болса, бала болбыр, өмірге икемсіз болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен... Жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Сондықтан тойға келгендер аяғы ауыр әйелдің көңілін табуға тырысады. Бұл не жерін білмей әр нәрсеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек. "Жерік асын жеген жетілер, жерік асын жемеген кетілер" деп те жатады халқымыз. Осылайша жерік астың әрбірі ана мен баланың қажеттілігін өтейді.

Жарыс қазан. Екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым. Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан. Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісі мі, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.

Түйе мұрындық. Қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кадесінде «түйе мұрындық» деп атайды.

Қазақтың салт-дәстүрі ұмытылған дәстүр
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Общество
В столице идет расследование уголовных дел по крупными финансовым пирамидам в отношении компании "ESTATE Ломбард", "Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард" передает City04.kz со ссылкой на holanews.kz. "Такие же финансовые пирамиды есть по игре "Котел", "Успешные деньги". Большая часть подозреваемых в совершении крупных финансовых пирамид и интернет-мошенничеств задержана. К примеру, по "ESTATE Ломбард" установлено шесть основных подозреваемых, четверо из них...
Общество
В случае сохранения в Актюбинской области стабильной эпидемиологической ситуации, на следующей неделе блокпосты вокруг города уберут. Об этом в ходе онлайн-брифинга рассказала главный санврач Актюбинской области Нурсулу Беркимбаева передает City04.kz. Думаю осталось немного для снятия блокпостов. Если на следующей неделе эпидемиологическая ситуация в Актюбинской области будет стабильной, блокпосты вокруг города уберут. Нужно терпение. На территории Актюбин...
Спорт
Журнал The Ring опубликовал обновленный рейтинг лучших боксеров-средневесов, сообщает City04.kz со ссылкой на Sports.kz. Чемпионом в среднем весе — он вынесен отдельно — The Ring считает мексиканского боксера Сауля Альвареса (53-1-2, 36 КО). Напомним, «Канело» владеет титулом WBA Super, а также является «франчайзинговым» чемпионом WBC. На первом месте в обычном рейтинге — казахстанец Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО), который является чемпионом IBF и IBO....
Общество
В Актюбинской области в цехе АО "АЗХС" при производстве очистных работ внутри бака погибли четверо рабочих, сообщает City04.kz. 28 мая 2020 года в цехе №4 АО "АЗХС" при производстве очистных работ внутри 50 кубового бака в результате нарушения техники безопасности погибли 4 рабочих, 2 человека в тяжелом состоянии госпитализированы в БСМП, - сообщили в ДП области. По данному факту начато досудебное расследование по статье 156 ч 4 УК РК – "Нарушение правил т...
Общество
Руководителя аппарата акима города Актобе задержали по подозрению в хищении бюджетных средств в крупном размере. Антикоррупционной службой по Актюбинской области расследуется уголовное дело, передает City04.kz. "Указанное лицо подозревается в хищении бюджетных средств на общую сумму 9,9 миллиона тенге группой лиц по предварительному сговору с другими работниками учреждения и индивидуальными предпринимателями с октября 2019 года по март 2020 года путем сост...
Общество
В нем по графику будут дежурить и оказывать консультативную помощь эксперты палаты предпринимателей и региональные представители бизнес- омбудсмена, сообщает City04.kz. Такой формат будет способствовать соблюдению досудебного порядка урегулирования споров и защите прав предпринимателей. Таким образом, юридические лица, в частности субъекты бизнеса, и госорганы смогут прибегать к помощи экспертов, ведущих прием по любым спорным вопросам и решать конфликтные...
Общество
Жители небольшого пригородного поселка Шилисай под Актобе вышли с требованиями к блокпосту, из-за которого они лишились доступа к магазинам и аптекам, передает City04.kz со ссылкой на КТК. Сообщается, что с введением в регионе карантина маленький населенный пункт оказался в "мертвой зоне". По словам жителей, даже обычную воду им приходится набирать в соседнем ауле. Они отмечают, то каждый выезд из Шилисая на данный момент стал большой проблемой. -У нас в п...
Общество
В ходе рейда нарушений выявлено не было. Сегодня сотрудники полиции совместно с представителями акимата области провели рейд по торговым объектам, летним кафе и другим объектам возобновившим свою работу с 27 мая передает City04.kz. Представители акимата области во главе с первым заместителем акима области Нуржауганом Калауовым совместно с начальником отдела МПС УП г.Актобе Максатом Шляшевым проверили соблюдение санитарного режима в объектах предприниматель...
Общество
С начала года на водоемах Актюбинской области погибли 2 человека. С 1 июня планируется открытие официального купального сезона, однако этот вопрос будет решать главный санитарный врач передает  City04.kz со ссылкой на пресс-службу ДП Актюбинской области. Сегодня сотрудники Ювенальной полиции совместно с сотрудниками ДЧС области провели рейды на водоемах Актобе.  В ходе рейда полицейские провели профилактические беседы с гражданами, подростками, которые нах...