• Главная
  • Өткен жылы облыста 475 өрт тіркелген
15:38, 4 апреля 2019 г.
Надежный источник

Өткен жылы облыста 475 өрт тіркелген

Фото из интернета

Фото из интернета

Бүгінгі күні көп қабатты тұрғын үйлердегі өрттер өзінің ерекшелігі бойынша да, маңыздылығы жағынан да аса күрделі болып табылады, себебі ғимараттар мен құрылыстарда өртке қарсы қорғау жүйесі болмаған немесе жарамсыз болған жағдайда адамдарды эвакуациялау және өртті сөндіру қиындай түседі. Бір пәтерден екіншісіне жалын өте тез таралады, сондықтан мұндай үйлердегі өрттер тұрғындар үшін үлкен шығын алып келеді. Өрт ошағы пайда болған кездегі өлім-жітім мен күйіктің жоғары деңгейіне көп қабатты үйлердің жайғасымы да себепші болады.

2018 жылы облыста 475 өрт тіркелді, оның ішінде 75-і көп қабатты тұрғын үйлерде (өрттің туындауының негізгі себептері отты абайсыз қолдану (279) және қысқа тұйықталу (81)., 458 адам құтқарылды (2016 ж. - 2, 2017 ж. – 104, 2018 ж. - 352).

2018 жылғы 1-2 қараша аралығында 11 шағын аудандағы 112 "А" 25 қабатты тұрғын үйдің 1 блогында және Әбілхайыр хан, 44 "В" 16 қабатты тұрғын үйде «Биік ғимараттағы шартты өртті жою» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Облыс аумағында 2018 жылдың 04 қазанында Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы, №73 үйде орын алған өрт айқын үлгі болып табылады, онда пәтерден шыққан өрт жоғарғы қабаттарда орналасқан пәтерлердің қылтималарының қаптамасына ауысты. Қылтималардың декоративтік қаптамалары жанғыш материалдан жасалған, ол жанудың тез таралуына ықпал етті. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өртті қысқа уақытта ауыздықтауға және жоюға, сондай-ақ адам өлімі мен зардап шеккендерді болдырмауға мүмкіндік туды (200 адам эвакуацияланды, 47 адам құтқарылды). Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының аумағында қасбеттері сондай материалдармен қапталған 13 үй бар.

Биіктігі 28 метрден асатын көп пәтерлі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жоғары дәрежелі қауіп-қатер объектілеріне жататынын айта кету керек, онда адамдардың көп болуы, өрттің және оның қауіпті факторларының таралу жылдамдығы, оның ішінде тік бағытта таралуы, эвакуациялау жолдарының ұзақтығы мен эвакуация жүргізу үшін уақыттың аздығы биік қабатты ғимараттардың қауіптілігін көрсетеді.

Көп қабатты емес үйлерге қарағанда биік ғимараттардағы адамдар үшін өрттің қауіптілігі жоғары, өйткені эвакуациялау қиындық туғызып, өртпен күрестің күрделілігі  арта түседі. Биік ғимараттардағы өрттер кезіндегі трагедиялық зардаптардың негізгі себептері – жану өнімі мен эвакуациялау жолдарын өрт жауып тастауы.

Өрттің тігінен тез таралуы және эвакуациялау мен құтқару жұмыстарын қамтамасыз етудегі үлкен қиындықтар биік ғимараттар үшін тән. Жану өнімдері эвакуациялық шығу жолдарын, лифт шахталарын, баспалдақ торларын толтырады.

Түтін мен улы газдардың жоғары қарай таралу жылдамдығы минутына бірнеше ондаған метрге жетуі мүмкін. Санаулы минуттарда ғимарат толығымен түтінге толады, ал адамдардың тыныс алу органдарын қорғау құралдарынсыз үй-жайларда болу мүмкін емес. Жоғарғы қабаттардың түтінге орануы өте қарқынды жүреді, онда өртті барлау, адамдарды құтқару және сөндіру құралдарын беру өте қиын. Сонымен қатар, өрт кезінде лифт жабдықтары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелері жиі істен шығады.

Өрт кезіндегі әрекеттер. Шыдамдылықты сақтап, өзіңіз дүрлікпей, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз. Нақты жағдайды және қауіп деңгейін бағалаңыз. Өрттің қай жерден шыққанын анықтауға тырысыңыз. Тыныштықты сақтай отырып, қауіп-қатерге қарсы бағытта қозғала бастаңыз. Негізгі мақсат – ғимараттан сыртқа көшеге шығу. Жолшыбай үрейге бой алдырған адамдарды тыныштандыруға, әйелдерді, қарт адамдарды және балаларды алға шығаруға тырысыңыз. Қорқыныш салдарынан мелшиіп тұрып қалған адамдар ерекше қолдауды қажет етеді.

         Сіз адамдар көп жиналған жердесіз? Сіз қыстырылып қалудан қорғану мақсатында ыңғайлы бағытта қозғалуыңыз керек. Ол үшін шынтақты бүгіп, қолыңызды бүйіріңізге қысып ұстаңыз. Содан кейін, денеңізді артқа қарай сәл шалқайта отырып, қозғалысты жалғастырыңыз. Мұндай позицияда арқа арқылы тобырдың қысымын ұстап тұруға болады.

Қою түтіннен сақтаныңыз. Жанып жатқан көп қабатты ғимараттан эвакуациялану кезінде баспалдақты пайдаланған жөн. Лифтті пайдалану қауіпті. Түтіннің жоғары концентрациясы кезінде сіз тыныс алу үшін қол орамалын немесе кез келген матаның бөлігін пайдалануыңыз керек. Түтін тым қою болған жағдайда жер бауырлап қозғалған дұрыс. Егер қоршаған ортаның температурасы жоғарылай түскені сезілсе, онда отқа жақындай түскеніңіз  – бұл жағдайда кейін қарай бағытта қозғалыңыз.

         Егер көп қабатты үйдегі өрт кезінде дәлізге (сатыға) шығу мүмкін болмаса, онда жақын маңдағы ыңғайлы үй-жайға кіруіңіз қажет. Есікті тығыз жауып, саңылаулар мен желдеткіштерді дымқыл матамен бітеңіз.

         Температура мен түтін концентраты жоғарылаған кезде бөлмеден балконға шығу керек. Егер қылтима жоқ болса, терезе алдында тұрып, өрт сөндіру қызметін күтуге тура келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#өрт #өрттен сақтану #өрт тіркелген

Комментарии

Объявления
live comments feed...