• Главная
  • Жас спортшылар лайықты марапатқа ие болды
08:03, 5 апреля 2019 г.
Надежный источник

Жас спортшылар лайықты марапатқа ие болды

Жас спортшылар лайықты марапатқа ие болды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 23 жасқа дейінгі Азия чемпионы Юсуп Батырмырзаев пен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Қуаныш  Досжановты қабылдады, деп хабарлайды City04.kz.

Жиынға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спортшылардың бапкері және өзге де спорт саласының бірқатар азаматтары қатысты. Кездесу барысында аймақ басшысы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алғыс білдірді.

«Еркін күрес пен  грек-рим күресінен Ақтөбе қаласы алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Мұндай жеңістер еңбек пен қажырлы  күшпен келеді, намысты қолдан бермей, туған жердің атын  шығарғандарың үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да үнемі назарымда боласыңдар» -  деді облыс  әкімі. 

Оңдасын Оразалин қос спортшыға алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті.   

Атап өтейік, ақтөбелік спортшылар Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен  жарыста Азия чемпионатында ел намысын қорғаған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Спорт #облыс әкімі марапаттады #Азия чемпиондары марапатталды

Комментарии

Объявления
live comments feed...