09:05, 7 апреля 2019 г.
Надежный источник
Мәртөк ауданында көлемі 288 шаршы метрді құрайтын жаңа мешіт ашылды
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 300 орынға арналған орталық мешіт салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысындағы өкілі Төлеби Оспан қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Жиын барысында аймақ басшысы жаңа мешіттің ашылуы тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру сияқты маңызды мәселеге өз үлесін қосады деп сенім білдірді.
«Ғимарат Мәртөк ауданы азаматтарының қамқорлығы мен қайырымдылығы арқасында пайда болды. Бұл біздің қоғамда достық пен келісім болып табылады. Ауданның барлық тұрғындарын осы іс-шара үшін құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бірлік және отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді облыс әкімі.
Мешіттің көлемі 288 шаршы метрді құрайды. Мешіт ислам дініндегі әдет-ғұрыптарды ескере отырып салынған. Мешіттің салынуына аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері 25 миллион теңге қаржы жұмсаған.
Айтып өтейік, облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінен соң, мәртөктік көпбалалы аналарға құны 300-500 мың аралығындағы қаржылай сертификат табыс етті.
Содан соң, аймақ басшысы мешіт ауласының абаттануына өз үлесін қосып, шырша ағаштарын екті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:00
4 декабря
09:00
4 декабря
18:00
2 декабря
15:15
2 декабря
15:07
2 декабря
Объявления
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии