Мамандар партаға қайта отырды

Мамандар  партаға қайта отырды, Алдрапекова Альбина

Өңірлік оқыту орталығында кіші командирлерді қайта даярлау курстары басталды, деп хабарлайды City04.kz.

          Ақтөбеде кіші басшы құрамды қайта даярлау курстары  салтанатты түрде ашылды. Ақтөбе облысының өңірлік оқыту орталығына Төтенше жағдайлар комитетінің барлық аумақтық бөлімшелерінен барлығы 33 тыңдаушы келді.

Қайта даярлау курстарының мақсаты – әртүрлі нысандарда, қала және елді мекендерде өрттерді сөндіру мен төтенше жағдайларды жою тактикаларын, қарауыл қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандарының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.

Өңірлік оқыту орталығы оқытушылар құрамының алдында тұрған міндет – жаңадан келген тыңдаушыларға азаматтық қорғау органдарының ұйымдық құрылымын және құқықтық мәселелерін түсіндіру болып табылады. 

Өңірлік оқыту орталығының оқытушылары тыңдаушыларға қайта даярлау барысында техникалық ерекшеліктерді түсіндіре отырып, орта буынның болашақ командирлеріне таңдаған мамандықтарының маңыздылығын сезіну мен қатал тәртіптің, алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдана білген жағдайда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатынын жеткізді.

Мамандар партаға отырды кіші басшылар дайындалды командирлер қайта дайындық үстінде
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии