• Главная
  • Ақтөбеліктер «SportFEST Kazakhstan» жобасына қатысады
08:42, 10 апреля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеліктер «SportFEST Kazakhstan» жобасына қатысады

Фото из интернета

Фото из интернета

Ақтөбе облысының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу ойындарына қатысады, деп хабарлайды City04.kz.

Ойын 11 сәуір күні,  Есет Батыр атындағы спорт мектебінде өтеді. Облыстың 13 ауданынан келген 429 қатысушы бозбалалар арасындағы футзал, қыздар арасындағы баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі мен ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасады.

Іс-шараға облыс спорттық элитасының өкілдері, сондай-ақ жергілікті білім бөлімінің басшылары қатысушыларға сәттілік тілеп келеді деп жоспарлануда.

«SportFEST Kazakhstan» - жастардың арасынан бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттау бойынша арнайы жоба.

Айта кету керек, әрбір аумақта, жарыстан кейін бірден барлық спорттық жабдықтар, яғни, теннис үстелдері, доптар және де барлық үстел ойындар мектептерге сыйға тартылады.

Жастар жобасы «Менің елім» өңірлердегі әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды  дамыту Қорының және «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» қолдауымен жүзеге асырылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...