Бизнеске ең бастысы тұрақтылық керек

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуін жариялады, деп хабарлайды City04.kz.

«Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет» деп, мәлімдеген Қасым-Жомарт Тоқаев -   Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруда бұл қадамның маңыздылығын баса айтты.

Бұл тұрғыда бизнестің пікірі қандай? «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Үндеуіне байланысты өңірлердегі бизнестің басын қосып, Басқарманың кеңейтілген отырысын өткізді.

Жиынды бастаған Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Президент Үндеуінде ең алдымен қажеттісі айқындық пен тұрақтылық екенін мәлімдеді.

«Қоғамға да, бизнеске де айқындық керек. Жоғарғы билік Конституцияға сүйеніп, заң негізінде қадам жасады. Президентіміз Елбасымен де, еліміздегі басқа да саяси күштермен, парламент, үкімет басшыларымен ақылдасқанын айтып өтті. «Атамекен» кәсіпкерлерді біріктіріп отырған ұйым болғандықтан, бизнеске ең бірінші тұрақтылық керек екенін айтқым келеді. Кәсіпкер үшін  өз бизнесін дамыту, елдегі инвестициялық ахуалдардың оң болуы, ішкі бизнеске де, сырттан келетін бизнеске де елдің тұрақтылығы, қоғамның тұрақтылығы, ауызбіршілігі керек» - деді Басқарма Төрағасы.

Бүгінгі Президент шешімі кәсіпкерлік тұрғысынан да қолдау табатын тура шешім.  Өз кезегінде өңірдегі бизнес-қауымдастық өз пікірлерімен бөлісті.

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Жетпісбай Едігенов Үндеудің уақытылы қабылданған шешім екенін айтты.

«Мен өз басым, жылдам шешім қабылдағанды жақсы көремін. Неге десеңіз, зауыттың басшысы болған соң, кез келген шаруада нақтылық қажет.  Бизнесті қолдауға бағытталған шешімдер жалғасын тауып, елімізде, тіпті отбасында тұрақтылыққа демеу болатынына сенімдімін. Бизнес өз кезегінде сайлауға белсенді атсалысуы керек», - деп ойын білдірді  Жетпісбай Едігенов.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Отау Құрылыс» холдингінің басшысы Қайрат Молдасейітов шымқаланың кәсіпкерлері бұл шешімді бірауыздан қолдайтынын, бұл тек бизнес емес, бүкіл халық күтіп отырған шешім екендігін жеткізді.  

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу сондай-ақ инвестициялық климаттың тұрақтылығын қамтамасыз ететінін айтқан ақтөбелік «Көкжар» агроөнеркәсіптік тауар-шикізат биржасының басшысы Есімхан Құрманғазин шетелдік инвесторлар осы төңірегінде ой қозғағанын да атады.

«Біздің өңірдегі шетелдік компанияның директорымен бірер күнде болған кездесуде олардың тарапынан алаңдаушылық барын байқадық. Әрине, біз бизнес әріптестерімізге басталған әр іс жалғасын табатынын айттық. Елде тұрақтылық болса инвестициялық климат да тұрақты болады. Соны бәріміз қалаймыз, қолдаймыз», - деді Есімхан Құрманғазин.

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі бизнес  өкілі - «СемАз» ЖСШ бас директоры Әсемқан Досқожанов ақтөбелік әріптесінің сөзін қолдап, кезектен тыс Президент сайлауының инвестициялық климаттың дұрыс қалыптасып, жалпы елдің экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізетінін айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік палата дирекциялары атынан сөз сөйлеген Нариман Әбілшайықов бұл шешім елдегі әлеуметтік-экономкалық тұрақтылыққа аса қажет екенін, халық болып сайлауға белсенді түрде қатысуға дайын екенін жеткізді.

Басқарманың кеңейтілген отырысында басқада өңірлердегі жиынға қатысқан кәсіпкерлер бірауыздан бизнес қашанда нақты әрі ашық шешімді таңдайтынын, әр жасалған қадам бизнестің дамуына тікелей әсер ететінін, және де бұл ретте кезектен тыс Президент сайлауы  - дұрыс шешім екенін атады.

Атамекен бизнес тұрақтылық
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Я рекомендую
Пока никто не рекомендует

Комментарии

Комментарии предназначены для общения, обсуждения и выяснения интересующих вопросов

Политика
В Актобе Палата предпринимателей организовала встречу с акимами всех сельских округов районов области по разъяснению условий программы. По принципу- дойти до каждого и от слов перейти к делу, передает Сity04.kz. Разработанная в прошлом году новая концепция поддержки отечественного бизнеса предусматривает освоение и выпуск широкой номенклатуры товаров народного потребления по доступной цене. По программе «Экономика простых вещей» государство направляет 600...
Культура
Казахстанский певец Димаш Кудайберген, завоевавший Гран-при на международном конкурсе "Славянский базар" в 2015 году, поздравил своего соотечественника Адильхана Макина, повторившего его успех, передает NUR.KZ. Димаш опубликовал на своей странице в Instagram поздравительный пост, сопроводив его эпичной фотографией победителя "Славянского базара - 2019" Адильхана Макина. "Поздравляю с победой! Расти и процветай!" – гласит публикация Димаша. Адильхан не оста...
Происшествия
Супруга Нагашибая Жусупова, который в 80-х годах принимал участие в ликвидации последствий одной из крупнейший экологических катастроф - взрыва АЭС в Чернобыле, рассказала, что могло стать причиной суицида ее мужа, передает Tengrinews.kz. Жена погибшего чернобыльца из Актобе Алтынгуль рассказала, что ее супруг последние годы страдал от сильных головных болей. Действительно, перед смертью Нагашибай посмотрел ставший популярным сериал "Чернобыль", снятый ком...
Спорт
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлаушылар құрама командасы ел намысын «Әскери барлау үздіктері» конкурсында қорғайтын болады, деп хабарлайды City04.kz. Осы күндері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлаушы әскери қызметшілері «Әскери барлау үздіктері» сайысына соңғы жаттығуларын өткізді. Аталмыш сайыс халықаралық АРМИ 2019 армиялық ойындардың бағдарламасына енген. Сайысқа іріктеу этаптары барысында Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің ар...
Общество
Айлин есімді қыз баланың өмірге келуіне анасының туысқандары мен сатушылар көмектесті. Әйелдің босанып жатқан кезінде зергерлік бұйымдар сататын дүкен есігіне күзетшілер қойылып, жағдай жасалынған, деп баяндайды City04.kz. 11 Шілде "Керуен Сити" сауда орталығының қызметкерлері үшін ерекше есте қалатын болды. Ақтөбелік келіншек жедел жәрдемді күтпей зергерлік әшекей сататын дүкенде босанып қалды. Заура есімді жас ананың туысқандары мен дүкен сатушылары қара...
Происшествия
25-летний Артем Головня спас из огня человека ценой собственного здоровья. Теперь он находится в больнице в тяжелом состоянии, передает City04.kz со ссылкой newtimes.kz. Об этом пожаре в начале июня сообщалось в официальной сводке от ДЧС. - В 11.42 в городе Актобе по улице Тилеу батыра, 9а во дворе двухэтажного жилого дома в гараже произошел хлопок газо-воздушной смеси (утечка газового баллона) с последующим горением на площади 10 квадратных метров. Пожар...
Культура
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен  Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабылдап, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдады, деп хабарлайды City04.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай. Эстафетаның мақсаты – ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу.  Өз кезегінде университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы ««Абай Құнанбайұлыны...
Общество
Он завладел деньгами руководителя госпредприятия в сумме 2,8 млн тенге. К четырем годам лишения свободы приговорен бывший судья Актюбинского областного суда Туленова Ж., сообщает Zakon.kz со ссылкой на пресс-службу областного Департамента Агентства РК по противодействию коррупции. Как сообщили в ведомстве, ранее окончено досудебное расследование в отношении бывшего судьи Актюбинского областного суда Туленова Ж. - Туленов Ж. путем обмана и злоупотребления д...
Общество
В Военном институте Сил воздушной обороны имени дважды Героя Советского Союза Талгата Бегельдинова начались учебные воинские сборы по подготовке офицеров, сержантов, солдат запаса по подготовке специалистов и совершенствованию воинских знаний, сообщает Сity04.kz. На базе кузницы авиационных специалистов сборы мобилизационного резерва проводятся впервые. 100 военнослужащих запаса, имеющих технические специальности, на месяц призваны в армию для совершенство...