600-ге жуық спортшы бақ сынасты

600-ге жуық спортшы бақ сынасты, Алдрапекова Альбина

Ақтөбеде «Жастар жылына» және «Ақтөбенің 150 жылдық» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ақтөбе-2019» үстел теннисінен өткен Республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Турнирге қатысушылар кәсіпқой, әуесқой және ардагер спортшылар категориялары бойынша бақ сынады. Олардың жалпы саны 600-ге жуық. Үш күнге жалғасқан жарысқа еліміздің түрлі қалаларынан және РФ спортшылары қатысты.

Кәсіпқойлар арасында бірінші орынды Оренбургтік спортшы Илья Берёзин, әуесқой ерлер арасында бірінші орынды Ақтөбелік Мирболат Қайратұлы жеңіп алса, дәл осы категория бойынша әйелдер арасында бірінші орынға Ақтөбелік Асем Бектурлиева қол жеткізді.

Айта кетейік, дүбірлі доданың өтуіне «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» мұнай компаниясы қолдау көрсетті. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин жарысқа қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтады.

«Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастар мен спорт қатар жүретін ұғым. Осыған орай облысымызда тамаша ғимарат ішінде көптеген спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Мәселен, үш күнге созылған ашық Республикалық үстел теннисінің жарысы. Осы жарыста өнер көрсеткен азаматтарға алғыс білдіремін, жеңімпаздарды құттықтаймын»,- деді Оңдасын Оразалин.

Финал соңында жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии