Өрт сөндірушілер арасында шахмат турнирі өтті

Өрт сөндірушілер арасында шахмат турнирі өтті, Алдрапекова Альбина

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері арасындағы шахматтан жарыс  № 1 шахмат клубында өтті. Шахмат жарысына бірден 50 өрт сөндіруші қатысты, деп хабарлайды City04.kz.

Турнир бес турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өткізілді, партия уақыты қарсыластардың әрқайсысына он минут берумен шектелді.Іс-шара қызу және тартысты болды.Жарыстың бас төрешісі, азаматтық қорғау капитаны Н. Жалмағанбетовтың айтуынша:

"Шахмат өз қызметінің нәтижелерін ойлауға, салыстыруға, жалпылауға, болжауға және жоспарлауға үйретеді."

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған Беркалы Жәнібек (Өрт сөндіруші АҚ АФ) 1-ші орынды иеленді, 2-ші орынды – Махамбетов Ануар (№1 МӨСБ) және 3-ші орынды – Аргинов Жұматай (Темір ауданы №13ӨСБ) иеленді.

Жарыстың өткізілу мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында жариялаған «Жастар жылын»іске асыру, жастардың барлық санатын қолдау, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс жолдастық және жылы атмосферада өтті. Қатысушылар өздерінің оқиғаға толы күнделікті өмірлерінен бір сәт көңіл сергітіп, бір-бірлерімен араласып, уақыттарын жағымды етіп өткізе білді.

шахмат турнир өрт сөндірушілер
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии