• Главная
  • «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жазғы оқу кезеңге дайын
12:31, 31 мая 2019 г.
Надежный источник

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жазғы оқу кезеңге дайын

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жазғы оқу кезеңге дайын

Әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару-жарақ пен әскери техника тапсырған қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияровтың нұсқауымен жазғы оқу кезеңінің бастамасы алдында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қауіпсіздік шаралары бойынша кешендік сабақ алды, деп хабарлайды City04.kz

Әскери қызметшілер үшін әскери салттар ерекше мақтаныш туғызатыны анық. Осы шара барысында әскери салттардың бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өткізіліп, түрлі лауазымдағы жауынгерлерге жеке қару мен әскери техникалар сеніп тапсырылды. Бұл әскерилерді өз қаруын ұқыпты ұстауға, сүюге және жауапты болуға баулиды.

Қауіпсіздік ережелерін жеткізу бойынша кешендік сабақ өткізіліп, Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарының барлық әскери қызметшілері үшін арнайы 13 оқу орыны әзірленді. Жеке құрамға қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, өрт жағдайлары мен күнделікті тіршіліктегі жарақаттану жағдайларын болдырмау, олар орын алған жағдайда қажетті іс-шараларды алдына алатын шараның мақсаты жауынгерлік даярлық, құрылыс, қызмет көрсету және парктік-шараушылық жұмыстары кезінде болуы мүмкін түрлі факторларды ескерту жұмыстарына бағытталған.

- Бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері жазғы оқу кезеңіне толықтай дайын. Барлық әскери техникалар жазғы пайдалану жағдайына келтірілді, құжаттама және оқу-материалдық база әзір, сондай-ақ әскери полигондар қауіпті жарылғыш заттардан тазартылып, кез-келген жиіліктегі оқу-жаттығуларды өткізуге дайын. Әскери бөлімнің қажет деңгейіндегі қорлары қалпына келтірілді,- дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының штаб бастығы подполковник Руслан Кубашев.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Әскер #Батыс #Қарулы Күштер #Батыс жаңалықтары

Комментарии

Объявления
live comments feed...