• Главная
  • Ақтөбелік өндірушілерге индустриялдық сертификаттың тиімділігі туралы айтылады
16:27, 3 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік өндірушілерге индустриялдық сертификаттың тиімділігі туралы айтылады

Ақтөбелік өндірушілерге индустриялдық сертификаттың тиімділігі туралы айтылады

4-ші маусым күні сағат 10:00 де Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында мамандандырылған аймақтық кәсіпкерлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтеді. Кәсіпкерлерге өнеркәсіптік сертификаттар туралы, оларды беру мерзімі, алу механизмі және артықшылықтары туралы толық ақпарат берілетін болады, деп хабарлайды Сity04.kz.

ҚР ҰКП ҚР аумағында тіркелген және өндірісті жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізілімін қалыптастыра бастады. ҚР ҰКП осы тізілімге енгізілетін кәсіпорындар отандық өндірушінің мәртебесін куәландыратын индустриялды сертификатты алады.

Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетушілердің тізіліміне қалай кіруге болады

1. Электрондық құжаттар алмасудың бірыңғай жүйесінде тіркелу қажет (қазақстандық электрондық құжаттар алмасу орталығы DOC24).

2. Жеке кабинетте аймақтық кәсіпкерлер палатасына өтініш пен құжаттар пакетін ұсыну қажет.

Қажетті құжаттар тізімі Ұлттық палатаның сайтында «Сертификаттау» – «Индустриялды сертификаттау» сервистері бөлімінде қолжетімді (отандық тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өндірушілердің тізіліміне енгізу және Индустриялды сертификат беру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттар тізбесі).

Тізілімге енгізу 7 жұмыс күні ішінде ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады Өндіруші тізілімге 3 жыл мерзімге енгізіледі (ұзарту мүмкіндігімен).

Мысалы компания құжат тапсырады, 7 күн ішінде комиссия құрылып, кәсіпорынға барады да тексеру жүргізеді.

Бірақ Техникалық реттеу және метрология комитеті жүйесі беретін сәйкестік сертификаты индустриялық сертификат берудің негізі болады. Яғни мемлекеттік қызмет арқылы тиісті өнімді өндіру мүмкіндігін растау керек.

Отандық өндірушіні осы тізілімге енгізу үшін негіздердің бірі – ҚР ҰКП-да аккредиттелген салалық қауымдастықтың (одақтың) сарапшысынан алынған қорытынды (сарапшылар тізімі Ұлттық палатаның сайтында да қолжетімді).

Индустриялды сертификаттарға ҚР ҰКП тізіліміне енген тауарлар, жұмыстар және қызметтер ие болады.

Индустриялық сертификат басқа да сертифкаттар мен реестрлердің қайталанатын қызметін алып тастау үшін, барлық тендерлік комиссияда дәлелдеуде берілетін бірыңғай құжат болады. Ол теңдестірілген өнеркәсіптік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді және белгілі бір уақытта СТ-KZ сертификатымен қатар жүреді

Өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22 «К», «Қазына» бизнес орталығы, 1 қабат, мәжіліс залы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#КӘСІПКЕРЛІК #ӨНЕРКӘСІП. АҚТӨБЕ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Комментарии

Объявления
live comments feed...