09:00, 4 июня 2019 г.
Надежный источник

Еліміздің рәміздеріне 27 жыл

Еліміздің рәміздеріне 27 жыл

Бүгін Қазақстан халқы 27-ші рет Рәміздер күнін атап өтпекші, деп хабарлайды City04.kz.

Мемлекеттің рәміздері - мемлекеттің тәуелсіздігінің символы іспеттес. Осыдан 27 жыл бұрын 1992 жылы маусым айының 4-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген еді.

Мемлекеттік мызғымас негіздерінің бірі болып есептелетін рәміздерге Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран жатады.

1992 жылы Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітіліп,  Туымыз Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің бейнесін паш етті.

Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов атты екі сәулетшінің қыруар еңбегінің туындысы боп табылатын Мемлекеттік Елтаңба бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн көрсеткендей мінсіз.

1992 жылы жарияланған конкурс нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының алғашқы авторлары болып Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди есімдері тарихта қалды. Ал 2006 жылы авторы Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев болған жаңа әнұран қабылданды.

Мемлекеттік рәміздерді жыл сайын атап өту Қазақстандықтарға ендігіде жаңа мейрам емес. Оны барша Қазақстан азаматтары биік патриоттық сезіммен мерекелейді.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#рәміздер күні #Мемлекеттік Әнұран #Мемлекеттік Ту #Мемлекеттік Елтаңба

Комментарии

Объявления
live comments feed...