
09:11, 5 июня 2019 г.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды АҚОРДА.
Құрметті отандастар!
Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы - күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке.
Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.
Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.
Қазақстан - бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар - халқымызға тән игі қасиеттер.
Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Ораза айт құтты болсын!
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:45
10 февраля
18:15
10 февраля
16:00
10 февраля
14:38
10 февраля
20:17
9 февраля
16:00
3 февраля
12:20
3 февраля
Комментарии