11:35, 5 июня 2019 г.
Надежный источник
5 маусым – қоршаған ортаны қорғау күні
Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет, деп хабарлайды Сity04.kz , Massaget.kz ке сілтеме жасап.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады.
Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы өз жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.
Сондай-ақ Бас Ассамблеяның 27-ші сессиясында БҰҰ жүйесі аумағында жаңа ұйым құрылған болатын. Ұйымның атауы - БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын ЮНЕП-тің тікелей мұрындық болуымен атап өтіледі.
Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, керісінше оны көріктендіретін де – адамдар болып табылады. Шындығын айту керек, «нашар экология» деген сөз тіркесі қазір қалыпты сөз қолданысына айналып келеді және бұл тіркеске ешкім таң қалмайтын да, селт етпейтін де болған.
Бүкіл дүниеде болғанындай, өлкемізде де, әсіресе үлкен қалаларда, қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс, ағаштардың кесілуі, ауаның, өзендердің ластануы десек артық айтқандық емес. Әсіресе қоршаған ортаның ластануы Астана, Ақтау, Атырау, Өскемен, Қостанай, Қызылорда, Шымкентте байқалады. Семей, Теміртау, Жезқазқан қалаларының экологиясы туралы айтпаса да түсінікті.
Біздің елімізде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні - көшедегі шеру, велосипедшілер шеруі, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта циркуляциялау науқаны және аумақты тазарту тәрізді қызықты шаралар арқылы атап өтілуде.
Ендеше, сізді өзіңіз өмір сүріп отырған ортаның жағдайы бейжай қалдырмайтын болса, жылына бір рет қана атап өтілетін мерекенің белсенді қатысушысы атаныңыз дегіміз келеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:48
11 ноября
14:00
8 ноября
Объявления
08:21, 31 октября
08:21, 31 октября
7
live comments feed...
Комментарии