Құлпынай пайдалы ма, зиянды ма?

Құлпынай пайдалы ма, зиянды ма?

Көктем айының соңы бола бере жаңа піскен құлпынай кезеңі бау бақшадан жәрмеңкке сөрелеріне сән беріп тұратыны бар. Ал осы жыл бойы күткен жидектің пайдасымен қоса зияны бар екендігін білесіз бе?

Құлпынай тек дәмінің тәттілігімен ғана ерекшеленбейді. Оны емдік және косметикалық қолданыста да қолданады.

Құлпынай пайдалы ма, зиянды ма?, фото-1

Құлпынайдың пайдасы

Құлпынайдың құрамында пайдалы заттар мол және минералдың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Онда темір, магний, калий, кальций, натрий, фосфор, кремний, мырыш және мыс кездеседі.

Сонымен қатар, құлпынайдың құрамында витаминнің толық комплексі кездеседі: А, В, С және т,б. Антиоксидантардың арқасында құлпынай әсері теріге жұмсақтық пен серпімділік береді.

Аталмыш тәтті, әрі қышқыл жидекті тұтанған адамның көзіне жақсы әсерін береді екен. Жадының жақсаруына, ағзадағы айналым процесін жеделдететін пайдалы тұстары бар.

Әсіресе әйелдерде құлпынай целлюлитпен күреседі: жидектердің ұсақ сүйектері проблемалы аймақтарда қан айналымын ынталандыра отырып, пилинг рөлінде болады, ал қышқылдар теріні ағартады және оның серпімділігін арттырады. Сондай-ақ, құлпынаймен сізді артық калория алаңдатпайды, өйткені ол диета кезінде танымал өнім болып табылады.

Ал зияны қандай?

Жанағы айтқан дәмді жидектің құрамындағы қышқылдығы ерекшелеп тұрғанымен зияны да дәл сол қышқылдығынан. Бұндай зиян тұсы асқазаны сыр бергендерге қатты соққы болып тиеді. Әсіресе гипертония кезінде және энапил негізінде препараттар қабылдайтын науқастарға қолдануға болмайды. Жидектермен бірге ол бүйрекке ауыр жүк болып түседі.

Сонымен қатар құлпынай күшті аллерген. Сол үшін оны мәзірге біртіндеп енгізіңіз. Ал құлпынайдың бет маскасын алдымен терінің шағын бөлігінде тестілеңіз.

құлпынай пайдасы зияны жеміс-жидектер КЛУБНИКА НОВОСТИ АКТОБЕ ПОЛЬЗА ОТ КЛУБНИКИ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии