18:08, 7 июня 2019 г.
Надежный источник
"АҚТӨБЕ" ГАЗЕТІНЕ 95 ЖЫЛ
Бүгін "Ақтөбе" газетінің тарихтағы 95 жылдығы, деп хабарлайды City04.kz.
Тағылымы бір ғасырдың қойнауында жатқан газеттің бүгінгі атаулы күні Ақтөбе қаласының "Баспа үйі" ғимаратында болып өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Ондасын мен қала әкімі Испанов Ильяс қатысты.
Тарихы терең халыққа еңбек етіп келе жатқан баспасөз басылымдарының бүгінде атаулы мейрамдары аталып өтіп жатыр.
Бүгінгі мерекелік кешке жиылған қауым баспасөз музейін аралап, тиражы 21 мың жуық "Ақтөбе" газеті қазіргі таңда көптеген қарым-қатынастар орнықтырып жатқандығынан хабардар болды. Әріптестерімен шығармашылық байланыстағы ұжым Маңғыстау, Атырау, Орал оған қоса қасымыздағы Қостанаймен де арақатынаста.
- Өткен жылы көшіп келген бас ғимаратымызда бүгінде осындай беделге дейін жетіп отырмыз.Тобық Жармағамбетов секілді ақын- жазушыларымыз қызмет еткен газетіміздің бүгін туған күні. Газетіміздің болашағына берген мүмкіндіктер үшін облысымыздың, қаламыздың басшылығына рахмет,- дейді басылымға еңбегі сіңген Идош Асқар.
Атаулы күннің сәтінде облыс басшысы осы басылымда еңбек еткен алты азаматты алғыс хатпен, екі азаматты Идош Асқар, Зияш Телеуова "Ақтөбе қаласының 150 жылдығы" мерекелік медалін табыстады.
-Баршамыздың ортақ мүддеміз елімізге қызмет ету, әрі халыққа дұрыс ақпарат жеткізу. Тарихи терең байырғы басылымдарымыздың бірі Ақтөбе газетіне биыл 95 жыл толып отыр. Басылымның Ақтөбе өлкесінің халқына бергені мол екені тарих беттерінде самсап жатыр. Ұжымның алдағы жұмысына бұдан әрі өркендеу, бұдан әрі жанданыс тілеймін,- дейді өңір басшысы Оразалин Ондасын.
Еске салайық, басылымның 95 жылдығын қыркүйекте атап өтпек. "Журналистер аллеясының" құрылысы да күзде аяқталуы тиіс.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:00
8 ноября
Объявления
08:21, 31 октября
08:21, 31 октября
7
live comments feed...
Комментарии