Курсанттар дауыс беруге келді

Курсанттар дауыс беруге келді

Бүгін Ақтөбе қаласындағы сайлау сайлауға курсанттар да қатысты, деп хабарлайды City04.kz.

9 маусым - тарихи күн. Осынау ел болашағы үшін мәні бар күнде сайлаушылар қатарынан Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институының курсанттары да табылды.

Атап айтсақ, олар  номері 72 участкелік сайлау бөлімшесіне сағат 7:00де келіп тапсырды.

Курсанттардың көңіл-күйі керемет, өздерінің сайлауға қатысуы азаматтық борышы санайды.

- Бүгінгі көңіл-күй, ауа райы тамаша. Биыл Президенттік сайлауға бірінші рет қатысуым. Менің және Қазақстан Республикасының барша азаматтары мен азаматшаларының таңдауы арқылы еліміздің бас қолбасшысы тағайындалмақ. Сол үшін дауыс беру үлкен мәртебе. Сайлаудан кейін Республиканың қадамдары экономикалық бағыт алады деп ойлаймын,- дейді Әуе қорғаныс күштерінің әскери инситутының курсанты Саламат Буккарин.

Сайлау 2019 Ақтөбе жаңалықтары
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии