• Главная
  • Ақтөбе облысының әкімі дауыс беруде
09:09, 9 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысының әкімі дауыс беруде

Ақтөбе облысының әкімі дауыс беруде

Өңір басшысы номері 67 сайлау бөлімшесіне келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды Сity04.kz.

Қазақстан Республикасының президенттігіне сайлау жергілікті уақытпен сағат 7:00де басталған еді. 

Бұл маңызды шараға өңір басшысы келіп, өз дауысын беріп кетті.

Ақтөбе облысының әкімі дауыс беруде, фото-1

- Ақтөбеліктер сайлауда өзінің болашағына үлкен сеніммен қарап, келешекке тілек тілеп осындай белсенділік танытып келгеніне көңіліміз қуанып қалды. Себебі, бұл азаматтардың қоғамдағы үлкен жауапкершілігін сезініп, еліміздің саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қосқан үлесі деп білуге болады. Оның үстіне еліміз осындай ауызбіршілікте келешек Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтан тиісті орын алғанын тілейді. Бүгінгі сайлау Тәуелсіздіктің нығаюына басқан нық қадамымыз деп білуімізге болады,- дейді облыс әкімі Ондасын Оразалин.

Ақтөбе облысының әкімі дауыс беруде, фото-2

Сайлаушылар қатарынан "Асыл ана" көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самалханым Ергалиевна табылды. Өңір басшысымен кездескен ол өзінің ақ батасын беріп, тілегін жаудырды.

- Болашағымыздың жарқын болуын, әсіресе бала-шағамыздың келешек жағдайына бейжай қарай алмағанымыздан азаматтық борышымызды өтей осы сайлауға қатысып отырмыз. Тілейтініміз тек Қазақстанның мәңгі жасауы, елімізде бейбіт өмір болуы,- дейді көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Ақтөбе облысының әкімі дауыс беруде, фото-3

Сайлауға қатысушылар саны ертемен көбейіп жатыр.  Үйден өз дауысын бергендер Ақтөбе бойынша 33-ті құрап тұр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Сайлау 2019 #Ондасын Оразалин #Өңір әкімі #Ақтөбе

Комментарии

Объявления
live comments feed...