• Главная
  • Бүгін Денис Теннің туған күні: жадымызда қалған мақтанышымыз
10:08, 13 июня 2019 г.
Надежный источник

Бүгін Денис Теннің туған күні: жадымызда қалған мақтанышымыз

Бүгін Денис Теннің туған күні: жадымызда қалған мақтанышымыз

Барша әлемге танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денист Теннің бүгін, 13 маусым 26-шы туған күні. Даңқы айды аспанға шығарған жас өткен жылдың жазы Алматы қаласында автокөлік ұрыларының қолынан қыршынан қиылып кете барды. Олимпиада жүлдегерінің туған күнінде Сity04.kz Денис Теннің жасампаздық жолын шолып шықпақшы.

Денис 1993 жылдың 13 маусымында еліміздің оңтүстік астанасында Юрий мен Оксана Тен отбасында дүниеге келген.

Спортшы Корей империясы кезіндегі Мин Гын Хо генералдың ұрпағы.

Болашақ фигурист мұз айдынына алғаш рет 6 жасында шыққан. Таланты мен жігері бірден көрініп, одан әрі қанат жайды. Бұдан кейінгі ғұмырын ол мәнерлеп сырғанауға арнайды.

Бүгін Денис Теннің туған күні: жадымызда қалған мақтанышымыз, фото-1

Денистің еңбекқорлығының арқасында үздіксіз жаттығулары жемісін берді. Танымал ресейлік жаттықтырушы Татьяна Тарасова бір сұхбатында баланың бойында керемет талант бар екенін айтқан. Көздерінен от байқаған жаттықтырушы:

- Мен кішкентай әрі күлкілі балақайды көріп оның анасынан қайда дайындалып жүргенін сұрадым. Анықтай келе олар шағын мұз беттерінде, сауда үйлерінде жаттығады екен. Дениске сырғанаған қатты ұнайтын және бәріне өз бетімен жетуге тырысатын,- дейді.

Шынында да Денис кейде Алматы сауда орындарында сырғанау үшін барып, дайындалатын.

Мәнерлеп сырғанаушы алғашқы жетістігіне 12 жасында жетті. Ол 2006 жылы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті.

Ал 1 жыл өткеннен кейін Голландияда жасөспірімдер арасындағы Бас жүлдеге таласта үздік ондыққа енді.

Бірнеше жылдан кейін Денис Мәскеуде өткен Ресей кубогы үшін жарыста жеңіске жетті. Дәл сол маусымда төрт құрлық аралық чемпионатта дебют алып, онда 9 орын алды.

2009 жылы Лос-Анджелесте өткен әлем чемпионатында өнер көрсетіп Ванкувер қаласында өтетін олимпиадаға жолдама алды. Бұл тарихта қалатын алғашқы жолдама болды, себебі Тәуелсіз Қазақстаннан бұған дейін жалғыс мәнерлеп сырғанаушы ер адам шықпаған еді. Бұдан әрі маңызды жеңістер жалғасын тапты.

Сочи олимпиадасында Денис Тен қола жүлдегер атанып, марапаттау трибунасында Республика жалауын тұсында кеуде көтеріп тұрды.

Ал 2017 жылы Алматыдағы универсиадада 10-шы медалын иеленді.

Бүгін Денис Теннің туған күні: жадымызда қалған мақтанышымыз, фото-2

Денис Тен әрдайым жан-жақтылық танытып, өмірден бар нәрсені алып қалуға тырысты. Спортшы бұл анамның арқасында дейтін, себебі жан-жақты даму тұлғалық қалыптасуға әкеледі деп тәрбиелеген. Ол тенниспен, жүзумен, каратемен айналысып, биге де әуес болған.

Бір уақыттарда спортшы суретке түсіруге де қызығушылық таныта бастады. Ол суреттермен Денис арнайы парақшасында жанкүйерлерімен бөлісіп отыратын. Оған қоса Mini Denis деп аталатын мульт кейіпкер ойлап тауып, фильм түсіруді де жоспарлаған.

Әлем бойынша танымал олимпиада чемпионы атағын иеленген мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудиннің пікірнше Денис - "жұлдыз" ауруымен ауырмаған қоршаған ортасына құрметпен қарайтын қарапайым адам. 

Еске сала кетейік, еліміздің мақтанышы өткен жылы Алматы қаласында автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан еді.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#денис тен #алматы #новости актобе #новости казахстана #олимпиада чемпионы #фигурное катание

Комментарии

Объявления
live comments feed...