• Главная
  • Ақтөбедегі сағызша созылған автобус
11:08, 13 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбедегі сағызша созылған автобус

Ақтөбедегі сағызша созылған автобус

Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге №48 жолаушылар тасымалдайтын автобуста түсірілген видеоны жүктеп шағымын жеткізді, деп хабарлайды Сity04.kz.

12 маусым күні әлеуметтік желіге тарап кеткен видеода Ақтөбе қаласының жолаушылар тасымалы кәсіпорынына тиесілі №48 автобустың белгіленген межелеріне жетпек болған жаяу жүргіншілерді лық толытырып алып келе жатқанын байқауға болады. Оған қоса видео авторына кондуктор әйелдің дауыс көтергені айқын танылады.

Аталмыш оқиғаға мәлімдеме беруі үшін "Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорынына" хабарластық.

- Биылғы жылдың 12 маусымында автокөліктің сынуына байланысты №48 көлік қозғалысының жүру уақытында үзіліс пайда болды. Күні бойы бұған ішінара жағдай жасалып, мәселе жойылды. Автобустар қозғалысқа жіберілді. Қазіргі таңда көлік қозғалысында 8 автобус. Олардың жүру уақыт интервалы 13 минутты құрайды, - дейді  "Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі.

Егер сіз осындай жағдайға куә болсаңыз, біздің редакцияға хабарласыңыз.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#автобус актобе #пассажиры #новости актобе #48 маршрут

Комментарии

Объявления
live comments feed...