11:30, 14 июня 2019 г.
Надежный источник

Медицина мамандарына құрмет

Медицина мамандарына құрмет

Ақтөбе облысының әкімі Ондасын Оразалин медицина мамандарын мейрамдарымен құттықтап автокөлік кілттерін табыстады, деп хабарлайды Сity04.kz.

Медициналық орталықта өңір басшысының қатысуымен өткен салтанатты шара барысында облыс көлемінде емдеу-профилактикалық мекемелерінің басшыларына 20 медицина автокөлігінің кілттері табыс етілді.

Оған қоса медицина мұражайының тұсауы кесілді. Онда өңіріміздің белді, беделді медицина қызметкерлерінің суреттері, өткен замандағы қолданыста болған түрлі медициналық жабдықтар сөрелерден орын тапқан.

- Еліміздің едицинасының дамығаны тағылымы терең тарихымыздан бері ата-бабаларымыздың еңбегінің дәлелі. Осынау медицинаның тарихына шолу жасауға мүмкіндік беретін мұражай рухани жаңғырудың айғағы деуге болады. Себебі, мұражай келешек ұрпаққа алдыңғы ата буынының ерең еңбегінің көрсететін, жеткізетін бірден бір құралы болмақ.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін атаулы күнді пайдалана отырып ерең еңбегімен, мемлекет жұртшылығының қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін қызметкерлер облыс әкімінің қолынан «Еңбек ардагері» и «Алтын дәрігер» медальдарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#медицина қызметкерлері күні #медицина актобе #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...