РЕТРО КӨРМЕ АҚТӨБЕДЕ

 РЕТРО КӨРМЕ АҚТӨБЕДЕ

Алатау сауда орталығында Ақтөбенің 150 жылдығына орай ретро стиліндегі автокөліктер көрмесі ашылды, деп хабарлайды Сity04.kz.

- Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай ашылған көрме өз жұмысын әлі тоқтатпады. Себебі, келіп көрушілер, өздерінің есінде мәңгі қалатын жастық шақтарын естеріне түсірушілер көбеймесе азаймады. Қызығушылық танытушылар қатарынан бұрыңғы кеңес заманындағы ерекшеліктерді еске алушылармен қоса, ретро стиліне қызығушылық танып коллекция жинаушы жастар да бар,-дейді аталмыш көрме әкімгері Сергей Анатольевич.

Көрменің ұйымдастырушысы Владимир Кабанов көрмеге өз коллекциясынан осы автокөліктер мен мотоциклдерді қойған.

Бұл коллекцияны жинау үшін әрбіреуіне 5-10 аралығында уақыт жұмсапты. 

Мәселен, мына ГАЗ-69 автокөлігі 1972 жылы шығарылған. 2 жыл қалпына келтіру жұмыстарынан кейін осындай баяғы қалпында сақтаулы тұр.

 РЕТРО КӨРМЕ АҚТӨБЕДЕ, фото-1

Ретро стилінде жасалған көрмеге өз үлесін қосқан азаматтар бар. Олардың бірі Геннадий Забенко өзі сақтап жүрген екі автокөлігін көрушілер назарына қойған.

 РЕТРО КӨРМЕ АҚТӨБЕДЕ, фото-2  РЕТРО КӨРМЕ АҚТӨБЕДЕ, фото-3  РЕТРО КӨРМЕ АҚТӨБЕДЕ, фото-4

Жеке болып табылатын көрме кез келген қала тұрғына есігі айқара ашық. Сағат 9 нан бастап кешкі 18:00ге дейін сізді күтеді.

Ақнұр ҚУАНЫШ

РЕТРО ВЫСТАВКА РЕТРО КӨРМЕ НОВОСТИ АКТОБЕ АҚТӨБЕ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии