• Главная
  • "Алтын белгі" иегерлері марапатталды
10:15, 15 июня 2019 г.
Надежный источник

"Алтын белгі" иегерлері марапатталды

 "Алтын белгі" иегерлері марапатталды

Ақтөбеде биыл оқуды үздік тәмәмдаған жас түлектер мен 505 "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Өңір басшысы Ондасын Сейілұлы 2019 жылы оқу жылын тәмәмдаған 508 "Алтын белгі" үміткерлерін алғыс хаттармен, арнайы қолсағаттармен және "Алтын белгі" төсбелгісімен марапаттады.

 "Алтын белгі" иегерлері марапатталды, фото-6

15-ші маусым, сенбі күні, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ алаңында "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау салатанатты шарасы өтті. 

Жас түлектерді облыс әкімі құттықтап,«Жас түлек» фестивалінің бағдарламасы бойынша халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жеңімпаз атанған үздік 16 түлекті марапаттады.

Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі алтын белгі иегеріне 500 мың теңгеден,сондай-ақ, үш "Үздік аттестат"иегеріне 300 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Аталмыш шарада жас түлектерге арналған әуен ойнап, өз құттықтау сөздерімен биылғы мектеп бітірушілер сахнаға көтерілді.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Алтын белгі #Ақтөбе #жас түлек 2019 #ақтөбе жаңалықтары

Комментарии

Объявления
live comments feed...