Ақтөбеде Бөкенбай батырдың ескерткіші ашылды

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды

Сенбі, 15-маусым күні Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды City04.kz.

Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-1 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-2 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-3 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-4

- Батыр бабамыз өмір сүрген XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырына сын болған, елдікті таразыға салған ауыр кезеңдер болды.Сондай сын сағатта Бөкенбай Қарабатырұлының жер қайысқан қалың қол жинап, жоңғарлардан елімізді қорғауға аттануы — оның болмысы бөлек тұлға, елін сүйген ер, екендігін білдіреді,-деп атап өтті өңір басшысы.

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-5 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-6 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-7 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-8

Жиынға сондай-ақ, белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Смағұл Елубай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, батыр ұрпақтары,зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-9 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-10 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-11 Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды, фото-12

Биіктігі 6,0 метрді құрайтын монумент батырдың атындағы көшеде орнатылған.

Ескерткіштің мүсіншісі – қаламыздағы Әйтеке би, Әлия сынды тарихи ескерткіштің авторы Жеңіс Жұбанқосов.

Ақнұр ҚУАНЫШ

БӨКЕНБАЙ БАТЫР АВИАГОРОДОК АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии