• Главная
  • "STUDUNION" ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕ
09:32, 19 июня 2019 г.
Надежный источник

"STUDUNION" ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕ

"STUDUNION" ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕ

Маусым айының 18-жұлдызында "Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту" әлеуметтік жобасы бойынша форум Ақтөбе облысының жастар ісі жөніндегі комитет басшыларын біріктірді, деп хабарлайды Сity04.kz.

 Кездесу барысында күн тәртібіне студенттік қоғамның әлеуметтік мәселелері, жатақханалар сапасы, қоғамдық көліктердегі студенттік тариф мәселесі мен студенттік өзін-өзі басқаруды жаңғырту жолдары салынды.

Аталмыш іс-шараға жастар ісі жөніндегі комитет басшыларымен қатар, "Өрлеу" педагогикалық біліктілікті арттыру орталығы, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы және Ақтөбе облысының БАҚ өкілдері қатысты.

"STUDUNION" ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕ, фото-1

Форум нәтижесінде Ақтөбе облысында жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының Кеңесі және Кеңес жанындағы жұмыс тобы құрылды. Бұл топтар студенттеріміздің сапалы білім алуы мен жайлы өмір сүруі үшін барлық шараларды жүргізетін болады.

 Еске сала кетейік, бұл жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ФОРУМ АКТОБЕ #СТУДЕНТЫ #ВЫПУКСНЫЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...