Құмсайдың құпиясы

Құмсайдың құпиясы

Ойыл ауданы әлі ашылмаған тарихи жерлері көп аймақ. Әсіресе, осыдан 5000 жыл бұрынғы 160-тан астам қорғаннан тұратын Құмсай (Қырықоба) қорымының зерттеліп келе жатқанына биыл жетінші жыл. Бұл ауқымды зерттеуге Ақтөбе облыстық тарихи-өлкентану музейінің мамандары, археологтар, Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлкеттік университетінің тарих факультеті оқытушылары мен студенттері бірлесе атсалысып қатысады, деп хабарлайды Сity04.kz.

Құмсайдың құпиясы, фото-1

Қорымның ерекшелігі әр түрлі жерлеу ғұрпында. Наным-сенімдеріне сүйеніп қызыл бояуды көп пайдаланған. Таңғалдыратыны, құрсақтағы сәбидің қалпындай жерлеу әдісі және кейбір обалардағы кішкентай баланың сүйегі мен тасбақаның арқа сауыты бірге табылғандығы. Адамдардың шалқайтып, отырғызып жерлегендері де бар.

Құмсайдың құпиясы, фото-2

Басында халықтың аузында неге мұндай сөз бар деп тексерейін деп келгенбіз.

Қола дәуіріне жататын бұл қорым Қазақстан бойынша өте сирек кездеседі. 

Адамдардың жерлеу дәстүріне салыстырмалы түрде сараптама жұмыстарын жүргізгеннен кейін бұл аумаққа жергілікті халық емес басқа жақтан келген тайпалар екенін анықтадық.

  Жерлеу дәстүріне қарасақ Солтүстік Кавказ бен Месопотамия Өркениетіне ұқсастықтары бар. Болжам бойынша, алғашқы бақташылардың да қорымы болуы да мүмкін. Мұндай аумақ Хобда, Темір ауданында бар деп естідік, бірақ оған әлі өзіміз бара қойған жоқпыз. 

Құмсайдың құпиясы, фото-3

Әзірге осы Сегізсай мен Құмсай аймағы зерттелуде. Айтатан кететін жайт, қазіргі кезде Ойылдағы Қаратал, Құмжарған, Қоңырат және тағы басқа жақ бетінде адамзаттың ерте замаңғы тарихына жататын 400-ге жуық ескерткіштер анықталды.

Әсіресе Көптоғай ауылы мағындағыы Венгрлерге жататын ескерткіштер біздерді қызықтырып отыр, - дейді Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры Аслан Мамедов.

Ойылдан 11 км қашықтағы Құмсайдың топырағы құрылысқа жарамды. Оны айналадағы ауыл тұрғындары пайдаланбасы үшін зерттеу жұмыстары басталғаннан бері 2 жерден Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының мамандарымен ескерту тақтасы орнатылған.

құмсай ойыл ақтөбе жаңалықтары
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии