• Главная
  • Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?
15:28, 20 июня 2019 г.
Надежный источник

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?

ҰБТ тапсырмас бұрын әрбір түлек алдымен мамандығын кейін жоғарғы оқу орнында таңдап қойғаны дұрыс. Өйткені жан-жақты мәліметті білген болашақ студент тестілеуден кейінгі грант алуға деген бар мүмкіндігін пайдалана алады. (Біле білсеңіз, мемлекеттік гранттан бөлек Ақтөбе облысы әкімінің жыл сайын бөлетін гранттарын иеленуге болады. Яғни, бұл студент үшін тағы бір мүмкіндік.) Әйткенмен жоғары оқуды саралап үлгермесеңіз Ақтөбе облысындағы барша оқу орындарына шолу жасауға дәл қазір мүмкіндігің бар.

2019-2020 оқу жылына мемлекет тарапынан 66 556 грант бөлінді. Оның 51 085-і бакалавриатқа 13 159-ы магистратураға, ал 2312-сі доктарантураға. 

Ақтөбе студенттер үшін ыңғайлы мекен. Қалада Батыс Қазақстан бойынша танымал университеттердің бірі орналасқан. Жайлылық пен қызық студенттік өмірді сыйлайтын құтты мекенде төмендегідей университеттерде білім алуға болады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

1935 жылдан бастау алған университетінің жұмысы осы уақытқа дейін оң нәтижесін беріп келеді. Соның айғағы биылғы Қазақстан Республикасының ЖОО сараптау нәтижесінде TOP-20дан 4 орынды иеленді. Бұл сапа мен санның түйіскен жері дейге әбден саяды.

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?, фото-1

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті қазіргі кезде заман талабына сай бәсекеге қабілетті мықты мамандар дайындау барысында отандық білім мен ғылым саласына сүбелі үлес қосып жүрген танымал жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында.

Университеттің білім, мәдениет, әлеуметтік өмір салалары, экономика, құқықтану, техника, металлургия факультеттерінде 6000 студент оқиды.

 28 кафедрада 420 оқытушы дәріс береді, оның 11-і ғылыми доктор, профессорлар. Негізі қаланғаннан бері университетті 16000-ға жуық маман бітіріп шықты (1997).

Ғылыми-зерттеу және инновациялық әдістемелік, бағдарламалық орталықтар, редакция, баспа бөлімі бар. 300 орындық студенттер жатақханасы, 4 спорт залы, лабораториялар, оқу залдары, 400 мың дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Медицина мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1957) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды.

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?, фото-2

Құрамына Ақтөбе, Орал, Атырау, Манғыстау медицина колледждері енеді. Республика батыс аймағының 4 облысы және Қызылорда, Қостанай, облыстары үшін дәрігер кадрларын даярлайды.

Бес оқу ғимараты, жатақхана, зерттеу лабораториясы, санаторий-профилакториі, кітапханасы, спорттық-демалыс лагері, стадионы бар.

Академия құрамында емдеу, педиатриялық және орта дәрігерлік ф-ттері бар. Онда 3000 студент оқып, 500-ден астам дәрігер кәсіптік білімін жетілдіреді. Медицина колледждерде 2000-ға жуық болашақ маман білім алады. 416 оқытушы дәріс оқиды, олардың 33-і ғылыми докток, 168-і ғылыми кандидат 4 колледжде 247 оқытушы дәріс береді (1998).

Академияда жүргізілетін ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыттары: жаңа дәрі-дәрмек жасау, тексеру, сынау; ірің хирургиялық инфекциясы, оның асқынуы; хронобиология, хронотерапия; патогенез, аурудың алдын алу, емдеу; әртүрлі патологиялық жағдайлар, отбасын жоспарлау т.б.

Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты - авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны. 1974 ж. ашылған. Инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды.

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?, фото-3

Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.

1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың – бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғаларында 1000-нан астам офицерлер дайындалған.

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті

Ақтөбе қаласындағы жеке ЖОО. Қазақстан-Ресей халықаралық университеті Қазақстанның батыс аймағында алғашқы халықаралық мемлекеттік емес жоғары оқу орны болып табылады. Университет 1994 жылы 23 ақпанда Темірхан Байбосынұлы Бердімұратовтың басшылығымен құрылған.

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?, фото-4

Университет 22 бакалавриат мамандықтары, 6 мамандық бойынша мамандықтар, 6 докторлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. 2015 жылдан бастап KMU оқытудың технологиялық технологиясын енгізді, 22 ғылыми жоба іске қосылды. Университетте 6 елден 4000-нан астам студент бар. Университетте Израиль мен Сирия Араб Республикасындағы кеңселері бар. Forbes.kz хабарлауынша, бұл аймақтағы ең жылдам дамып келе жатқан компаниялардың бірі.

С. Байшев атындағы Ақтөбе университеті

Батыс Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Университет 1996 жылы тамызда Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының Ақтөбе филиалы ретінде (003 00399 лицензия) негізі қаланды.

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?, фото-5

1997 жылы университет Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтына айналды. 2001 жылдың маусым айында Ақтөбе университетінің мәртебесін алды.

Мамандарды даярлау 1996 жылы басталды және бүгінгі күні университет еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономика және менеджмент, қаржы, ақпараттық технологиялар, филология саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшы болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО-на кәсіби кадрларды даярлау мақсатында жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білімі бар талапкерлерді «5В030300-Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша қабылдау жүргізеді. Білім беру бюджет негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Биылғы Ақтөбелік түлек нені білуі керек?, фото-6

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына оқуға қабылдау Ережесіне сәйкес оқуға түсу кезінде 16 жасқа толған талапкерлер қабылданады.

ҰБТ-дан «Тарих» және «Адам. Қоғам Құқық» бейінді пәндері бойынша шекті деңгей балын жинаған мектеп бітірушілер немесе ТКТ-дан «Тарих» және «Адам. Қоғам Құқық» бейінді пәндері бойынша шекті деңгей балын жинаған алдыңғы жылы мектеп бітіргендер және колледж бітірушілер қатыса алады. Дене шынықтыру даярлығы бойынша қабылдау емтиханы жүргізіледі.

P.S. Жоғарылардың ішінен  жан қалауыңызбен Құтты мекенімізде өзіңізге қолайлы оқу орынын таңдап, еліміз үшін ҚАЖЕТ маман болып өркендеу жолында өміріңізді дұрыс бағдарлаңыз;)

Дайындаған Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ҰБТ-2019 #ЖОО АҚТӨБЕ #АҚТӨБЕ ТҮЛЕК #ТҮЛЕК-2019 #140 БАЛЛ

Комментарии

Объявления
live comments feed...