27 маусымда Ақтөбеде ең үздік өнімдер анықталады

27 маусымда Ақтөбеде ең үздік өнімдер анықталады
27 маусымда Ақтөбеде ең үздік өнімдер анықталады  , фото-1

Жыл сайынғы республикалық байқаудың «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің аймақтық кезеңіне осы жылы 30-дан астам ақтөбелік өндіруші қатысады. Байқау Өнер орталығы ғимаратында 27 маусым күні сағат 15-00өтеді. Көрмені ұйымдастырушылар Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы мен “Ақтөбе облысының индустриалық-инновациялық даму басқармасы" ММ-сі.

Қатысушылар арасында өнімдері халықтан үлкен сұранысқа иеүлкен тәжірибесі кәсіпорындармен, сондай-ақ өз бизнесін жана бастаған тауар өндірушілері де бар. Үздіктер келесідей үш негізгі номинация бойынша таңдалады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлары», «Халыққа тұтынатын үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

«Конкурс-көрме барысында ұсынылатын өнімдердің ауқымы әртүрлі. Бұл тамақ, тұрмыстық химия, киім, құрылыс материалдары, кәдесыйлар және жарнамалық өнімдер. Биылғы жылы қатысушылар арасында Өңірлік кәсіпкерлік палатасының “Бизнес-мектебі” аясында кәсіпкерлік негізіге оқып, өз ісін ашқан жеке кәсіпкерлер де болады. Және сапа жағынан олардың өнімдері ірі компаниялардың өнімдерінен төмен емес. Комиссияға, әрине, олардың арасынан ең жақсыны таңдау онайға түспейді. Өткен жылдардағы «Бастау» жобасының түлектері де өз өнімдерін көрсететін болады деп күтілуде», - дейді жауапты қызметкер, Ақтөбе кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әлібек Қосназаров.

Өңір тұрғындары мен қонақтары «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінде аймақтағы ең үздік компаниялармен танысып қана қоймай, оларды тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында кәсіпкерлергешағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру және отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қажетті индустриялық сертификат алу жөнінде семинар өткізіледі.

Облыстық турдың жеңімпаздары Ақтөбе облысын республикалық деңгейде таныстыратындығын атап өту керек. Ең бастысы, байқаудың қатысушылары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсаттарда төрт жыл бойы пайдалану құқығын алады, яғни өз өнімдерін нарықта ілгерілету.

Естеріңізге сала кетейік, марапат 2006 жылы тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың отандық өнімдердің сапасын жақсартуға бағытталған, өндірісті жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етуге, халық арасында сапалы идеяны кеңінен таратуға бағытталған іс-шараларды күшейту мақсатында құрылды.

Ақтөбе облысындағы «Ново-Алджанский Мелькомбинат», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты», «Айс плюсy», «WestLineDoors» ЖШС сияқты көптеген кәсіпорындар «Қазақстандағы үздік өнім» конкурсының республикалық және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары мен жүлдегерлері болды.

Байқаудың негізгі мақсаты - қазақстандық нарықты отандық жоғары сапалы өніммен қамту. Конкурс жеңімпаздарының эмблемасы жарнамалық мақсатта 4 жыл бойы пайдалануға құқылы. 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің ұйымдастырушысы болып табылады.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии