• Главная
  • Ақтөбеде Қазақстан полициясы күні мерекесі аталып өтілді
12:52, 22 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Қазақстан полициясы күні мерекесі аталып өтілді

Ақтөбеде Қазақстан полициясы күні мерекесі аталып өтілді

21- маусым, жұма күні "Өнер орталығында" Ақтөбелік тәртіп сақшылар Қазақстан полициясы күнін атап өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Салтанатты шара Тәуелсіздік жылдарынан бері ішкі істер саласында тер төгіп, қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлерін бір минут үнсіздікте еске алумен басталды.

Мерекелік бас қосуға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, ақтөбелік тәртіп сақшыларын төл мерекелерімен құттықтады.

- Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт тіршілігі, біздің ең қымбат құндылықтарымыз. Өздеріңізге белгілі, кез келген мемлекеттің дамуы ішкі тұрақтылықта тікелей тәуелді.Заң талаптарына сай әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана ілгері басу болады. Сол себепті ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін ұстануымыз заманның басты талабы,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Жергілікті атқарушы билік полиция органдарына олардың қызметтерін толыққанды атқаруы үшін барлық жағдайды жасауда.Бюджеттен қаржыландыру артып келеді.

Мәселен соңғы 3 жылда осы бағытта жергілікті бюджеттен 22 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде Полиция қызметкерлері барлық қажетті заттармен жабдықталған. Соңғы екі жылдың ішінде 270-тен астам жаңа автокөлік табысталған.

Мерекелік кеште қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар азаматтар ІІМ-нің атынан марапатталды. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларының орындалуына зор үлес қосқан полиция департаментінен 13 азаматы Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінен 4 қызметкерді, Ақтөбе облысының ТЖД нен 3, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 7 азаматына Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Ақтөбеде Қазақстан полициясы күні мерекесі аталып өтілді, фото-3

Жиында облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов 4 азаматқа ІІМ құрметті ардагер төсбелгісін тағып, ішкі істер саласында қызмет ете жүріп қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қаржылай сыйақы табыстады.

Айтып өтейік, 2007 жылдың 5 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды - Полиция күні деп бекіткен болатын. Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ДЕНЬ ПОЛИЦИИ #ПОЛИЦИЯ КАЗАХСТАНА #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...