• Главная
  • Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан ҚР Чемпионаты өтуде
11:30, 23 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан ҚР Чемпионаты өтуде

Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан ҚР Чемпионаты өтуде

Сенбі, 22-маусым күні «Тұңғыш Президент» атындағы саябақта Триатлоннан ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогі ІІІ-ші кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Қаланың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин көпшілікті республикалық сайыстың ашылуымен құттықтады.

- Қазақстан Триатлон Федерациясына осы чемпионатты Ақтөбе жерінде өткізуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз,облыс әкімі ретінде, тұрғындардың салауатты өмір салтын таңдайтындары мені қуантады. Баршаңызды жарыстың ашылуымен құттықтаймын,-деді аймақ басшысы.

Республикалық жарыс 22-23 маусым аралығында өтті. Алғашқы күні кәсіпқойлар өзара бақ сынаса, жарыстың екінші күні әуесқойлар арасында өткізіледі.

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында Elite және U17 санатындағы (кәсіпқой) спортшылар «супер-спринт» қашықтықтығын бағындырса, дистанция үш кезеңнен құралатын болады300 м жүзу + 8 шақырым веложарыс + 2 шақырымда жүгіру.

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі ІІІ кезеңінің аясында Elite және санатындағы (кәсіпқой) спортшылар «стандарт» қашықтықтығында бақ сынайтын болады.

Дистанция үш кезеңнен құралады:1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 шақырымда жүгіреді.Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің V кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында өткізіледі.

Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан ҚР Чемпионаты өтуде, фото-3

«Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралып, олар 750 м жүзу + 20 шақырым веложарыс + 5 шақырым жүгіріп өтеді.Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...