Жастар арасында шағын футболдан турнир

Жастар арасында шағын футболдан турнир

23-маусым ҚР полиция күніне  орай Ақтөбе қалалық  жастар  ресурстық  орталығының ұйымдастырумен   облыстық полиция  департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы жəне облыстық  жастар  ресурстық  орталығының  қолдауымен жастар арасында "Ақтөбе  облысы полиция департаменті бастығының кубогы" үшін шағын футболдан турнир өткізілді,деп хабарлайды Сity04.kz.

Турнирге Облыстық  жастар  ресурстық  орталығының, Ақтөбе Заң институты жəне Қобда,Қарғалы, Шалқар, Хромтау аудандары жастарынан құрылған командалар қатысты.

Жастар арасында шағын футболдан турнир, фото-1

Турнир нәтижесінде: жүлделі I -орынды "Шалқар ауданы" командасы;

II -орынды Ақтөбе Заң институтының  құрама командасы;

III- орынды Қобда ауданының командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, турнирде үздік ойын көрсете білген жастар "Үздік қорғаушы", "Үздік қақпашы", "Үздік ойыншы" номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапатталып, бағалы  сыйлықтар алды.

Жастар арасында шағын футболдан турнир, фото-2

Айта кетейік, шараның  мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды  əрекеттердің болмауының алдын алу болатын.

спорт молодежы новости актобе
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии