• Главная
  • Ақтөбеде адамдарды құтқарған ержүрек жастар марапатталды
08:00, 25 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде адамдарды құтқарған ержүрек жастар марапатталды

Ақтөбеде адамдарды құтқарған ержүрек жастар марапатталды

 2019 жылғы 24-маусымда  Ақтөбе қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы  суға бата жаздаған жандарды құтқарған Даулетов Азамат және Балмағамбетов Арман есімді қаламыздың​ ержүрек жастарын басқаларға үлгі тұтып, арнайы Алғыс xатпен марапаттады, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ақтөбе облысының әкімдігінде аталмыш жағдайда ерлік көрсеткені үшін Ақтөбе қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Табылғанов алғыс білдіріп марапаттады.

“23-маусымда өңірдің әлеуметтік желілерінде қызу талқыланып, қала тұрғындарынан оң баға алған бұл оқиғадан соң орталық ойланбастан осындай батыл, ержүрек жастарды үлгі түту мақсатында марапаттауға ұсынуды жөн деп шештік»,- дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы А.Мусаева. 

Жуырда қаламызда орын алған бұл жағдайға байланысты шомылу кезеңінде қала тұрғындарына сақтық шараларын қолдануды ескертеміз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#пляж 2019 #лето 2019 актобе #спасатели #происшествия #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...