Мұғалжардағы базар өртке оранды

Мұғалжардағы базар өртке оранды

25 маусым күні кешке Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы орталық базарда өрт шықты, деп хабарлайды Сity04.kz.

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында орналасқан орталық базарда белгісіз себептерден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

- Қандыағаш қалалық орталық базарда болған өрттің шығу себебі белгісіз. Қысқа тұйықталудан болған деген болжам ғана бар,- дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз хатшысы.

Өрт кеше кешке сағат 21:34 кеткенде басталған. Куәгерлердің түсірген видеосы біздің YOUTUBE  каналымызда.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі өртті сағат 22:24 те сөндіріп бітірген.

пожар в актобе мугалжарский район город кандагач
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии