Көмекке әзір Ақтөбеліктер

Көмекке әзір Ақтөбеліктер

Қайғылы оқиға туралы хабарды естіген соң Ақтөбедегі партия филиалдары қызметкерлері арнайы құрылған қорға бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды Сity04.kz.

Партияның облыстық филиалында көмек көрсету пункті құрылып, тұрғындар Түркістан облысы, Арыс қаласындағы зардап шеккендер мен көшірілгендерге қолдау көрсету үшін қолдарындағы барларын алып келуде.

- Біз барлық ірі әлеуметтік желілерде көмек жинау бекеті туралы ақпаратты бірден жарияладық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырдық. Тұрғындар тез арада үн қатып, кешке дейін қоңырау шалды. Түнгі сағат екі-үшке дейін байланысқа шығуды жалғастырды. Олар бірден азық-түлік алып келе бастады. Екі көлік бірінші сәлемдеме Түркістан облысына жіберілді. Бұл жалпы құны 8 миллион теңге болатын 24 тонна зат, - деді «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Бүркіталин.

Оның айтуынша, жұмыс қажетті уақытқа дейін жалғасады.

- Әрине, соңына дейін жұмыс істейтін боламыз. Бізге қиын кезеңде бүкіл Қазақстанның қалай көмектескені ақтөбеліктердің есінде. Олар сияқты біз де отандастарымызға моральдық және материалдық жағынан көмекке дайынбыз, - деді ол.

Ал партияның Саяси кеңесінің мүшесі, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Есенғұловтың бастамасымен өндірістік ұжым "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қорына 50 миллион теңге аударды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары мен ірі кәсіпорындар 5 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетті.

Қарапайым адамдар да өздерінің табыстарымен бөлісуге дайын. Олардың қатарында Клара Мәмбетова да бар. Ол жолдасымен үш бала тәрбиелеп отырса да, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды жөн көрді.

ВЗРЫВ АРЫС 2019 новости казахстана туркестанская область
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии