Ақтөбе су қоймасында көлік суға батып кетті

Ақтөбе су қоймасында көлік суға батып кетті

27 маусымда Ақтөбе қаласының су қоймасына көлік батып кетті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Бүгін, 27 маусым таңғы сағат 5.48-те Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Ақтөбе су қоймасында "Kia Rio" автокөлігімен 3 адам суға батып кетті.

Хабарды куәгер ер адам мен әйел адам жеткізген. Әлеуметтік желіде суға батып кеткен көліктің ішінде 5 адам болған деген хабар жалған болып шықты. Ол туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар қызметі растады.

- Қазіргі уақытта құтқарушылардың көмегімен 2016 ж.т Д. Кетебаевтың және 1973 ж.т Р. Каракожиннің денелері судан шығарылды. 1984 жылы туылған ер адамның денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатыр,-дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағлайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

актюбинский водохранилище происшествия в актобе новости актобе
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии