«Мисс Виртуал Ақтөбе-2019» атты сұлулық байқауының нәтижесі шықты

«Мисс Виртуал Ақтөбе-2019» атты сұлулық байқауының нәтижесі шықты

 2019 жылдың 28 маусым күні   «KeruenCity» сауда, ойын-сауық орталығы Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  облыс  орталығында  бірінші  рет салтанатты түрде  «Мисс Виртуал Ақтөбе-2019» атты сұлулық байқауының қорытынды нәтижесі анықталып, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

«Мисс Виртуал Ақтөбе-2019» атты сұлулық байқауының нәтижесі шықты, фото-1

Сұлулықты, үйлесімділік пен жеке тұлғаның мінсіздігін насихаттау,  жастардың арасында гуманистік әлемдік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық талғамға үйрету мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар саны көп болды.

Дегенмен, ақтық бәсекеге тек қана 9 қыз өткен болатын.

Оның нәтижесінде Бас жүлдені 21 жастағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина унверситетінің студенті Жәкеш Нағима  басым көпшілік дауыс жинап жеңіс төрінен бірақ шықты.

І-орынды   М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты  Тогайбекова Сымбат көрінсе,

ІІ-орында  Жоғарғы Байшев медицина колледжінің студенті Жанадилова Лаура  жеңіп алды.

ІІІ-орында Сапарова Айсұлу  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина унверситетінің студенті жеңіс тұғырынан көрінді.

мисс виртуал ақтөбе 2019 мисс виртуал актобе 2019 новости актобе
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии