7 жастағы ақтөбелік бүлдіршін шаxматтан Азия чемпионатында топ жарды

7 жастағы ақтөбелік бүлдіршін шаxматтан Азия чемпионатында топ жарды

19-28 маусым аралығында Өзбекстан елінде шаxматтан 7-17 жастағы мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.

Аталған чемпионатта ақтөбелік мектеп оқушысы Ханзада Аманжол 1 алтын (блиц), 2 күміс (классика,рапид) жүлдеге ие болды.

7 жастағы ақтөбелік бүлдіршін шаxматтан Азия чемпионатында топ жарды, фото-1

Ханзада Аманжол 2012 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда, Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Жаттықтыру-оқытушысы Попов Дмитрий Владимирович.

7 жастағы ақтөбелік бүлдіршін шаxматтан Азия чемпионатында топ жарды, фото-2

Айта кетейік, сонымен қатар, Ханзада осы жылдың сәуір айында Түркияда өткен балалар арасындағы шаxматтан 2019 жылдың Әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

ақтөбелік Ханзада азия чемпионаты новости актобе
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии