• Главная
  • Ақтөбелік фристайлер жеңіске жетті
11:00, 29 июня 2019 г.

Ақтөбелік фристайлер жеңіске жетті

Ақтөбелік фристайлер жеңіске жетті

Ақтөбе қаласының тұрғыны футбол фристайлы бойынша екі дүркін Қазақстан чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Досмагамбет Нурсеид Ресейде өткен ашық чемпионатта қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Сity04.kz.

Ресей федерациясында өткен ашық чемпионатында футбол фристайлы бойынша сынға түскен Ақтөбелік бұл спорт түрімен 7 жыл айналасады екен.

 Қазан қаласында өткен жарыста 3 орынды қанжығасына байлаған жас қазіргі таңда Астана қаласындағы Евразия ұлттық университетін тәмәмдаған.

Бала кезінен бұл спортқа қызығушылығы болған Нурсеидттің отбасы Ақтөбе қаласының тұрғыны болып табылады.

Нурсеидтің Астана қаласында футбол фристайлы бойынша мектебі бар.

- Бұндай чемпионаттар жыл сайын ұйымдастырылады. Оған әрбір ниет білдірген жан қатысуға мүмкіндігі бар. Қазақстаннан мен және Оралдық Айболат Кубашев қатысты. Алдағы уақытта бұлы спорт түрінен алыстамаймын. Оған қоса музыкаға құмарлығым ашылып, гитарада ойнау мен ән жазуды хоббиіме айналдырудамын,- дейді 21 жастағы жүлдегер.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#спорт #футбольный фристайл #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...