• Главная
  • Ақтөбелік балуан Ізімғали Саматбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08:08, 5 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік балуан Ізімғали Саматбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Ақтөбелік балуан Ізімғали Саматбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Кеше астаналық "Дәулет" спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен кадеттер арасында Азия чемпионаты бастау алды.

Айтулы доданың алғашқы күнінде грек-рим күресінен сынға түскен спортшымыз Ізімғали Саматбек 45 келі салмақта жеңіске жетіп, Азия чемпионы атағына ие болды. Сондай-ақ, тағы бір балуанымыз Ерасыл Кенғанов грек-рим күресінен кадеттер арасындағы 2019 жылғы Азия чемпионатының 55 келі салмақ дәрежесіндегі қола жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, дода алдында Азия күрес федерациясының басшысы, белгілі спорт және қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов қазақстандық балуандарды Азияда жоғары бәсекелестік күтіп тұрғанын және кадеттер арасындағы өте маңызды жарыс екенін атап өткен болатын. Алайда, соған қарамастан техникалық-тактикалық шеберліктері шыңдалған екі ақтөбелік балуандарымыз ел ағаларының үміттерін ақтады. Ендігі кезекте, алда үш күндік жарыс бағдарламасы бойынша басқа да спортшыларымыз ел намысын қорғайтын болады. 

Аталған Азия чемпионатына грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 19 елдің 308 мықты өкілдерді жиналған. Олар әр стильде 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#СПОРТ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...