• Главная
  • Батыстық әскери қызметшілер Астана күнін спорттық сайыстармен өткізді
11:00, 8 июля 2019 г.
Надежный источник

Батыстық әскери қызметшілер Астана күнін спорттық сайыстармен өткізді

Батыстық әскери қызметшілер Астана күнін спорттық сайыстармен өткізді

Ақтау, Атырау және Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының қатысумен Астана күніне арналған спорттық іс-шаралар өтті, деп хабарлайдыCity04.kz.

Спорттық іс-шаралар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өтті. Оның барысында, 6-7 шілде күндері аралығында футболдан, кір тастарын көтері, қол тірес және отбасылық сайыстар ұйымдастырылды.

Гарнизондың мерекелік іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерімен қатар, ҰҚК Шекера әскерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері қатысты.

Мерекелік іс шаралар қарсанында әскери бөлімдерде Астана күніне орай салтанатты сапқа тұрулер мен мерекелік концерттер өткізілді.

«Бүгінгі күні, Елордамыз әлемдік қауымдастыстықтың алдында бейбітшілікке ерекше ұмтылыс танытқан қала, ұлттар мен конфессия өкілдері келіссөз жүргізетін алаң ретінде танылып келеді. Сол себепті, Нұр-Сұлтан – әрбір азаматтың, әрбір жауынгердің бойында ерекше мақтаныш сезімін туғызады», - деп, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы Нұрлан Алдияров әскери қызметшілерді құттықтап өтті.

Гарнизондарда осы уақыт ішінде отбасылық конкурстар аяқталып, оның нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілер мен олардың отбасылары грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ

Комментарии

Объявления
live comments feed...