20:00
Вчера

Бірқатар күдікті бар, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі жағдайға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Сity04.kzzakon.kz сілтеме жасай.
– Дене жарақатын салу мен бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.
Оның сөзінше, әрбір қылмыс құрамы бойынша нақты қатысушылар бар.
– Бір күдікті ұсталды, тағы бірнеше адам күдіктілер тізімінде бар. Әрқайсысының жауапкершілігі қатысуына байланысты анықталады, – деп нақтылады министр.
– Қанша адам жауапқа тартылады?
– Нақты қанша адам екенін әзірге айта алмаймын. Тергеу аяқталған соң айтамын.
– Теңізде полицейлердің араласуымен шетелдіктерді әкетіп жатқан видео жүр. Ол рас па?
– Ешкімді әлі әкеткен жоқ, олар жұмыс істеп жатыр.
Комментарии